Ислам, теократия және тирания

     
Сауал: Исламда  деспотизм  мен  теократияға  орын  бар  ма?

Жауап: Кейбір кісілердің исламды,  дінді   жауыздық мақсатта қалай қолданса,  кез келген нәрсені де қандай  да бір   зұлымдыққа да дәл солай айналдырып  жіберуі  ғажап  емес. Алайда  бұл  исламда  жауыздық сипат бар  деген  сөз  емес. Мен  осы  тәріздес  тұжырымдарды мәселенің  төркінін  түсінбегендіктен  туындайды  деп  ойлаймын. Белгілі  бір  дәрежеде  шіркеу  поптарының алға  тартқан  шешімдерінің  басқару  жүйесі  болып  табылатын  теократиямен  исламның еш  байланысы  жоқ. Исламда  ресми  шіркеулік  иерархиялар да,  шіркеулік  жүйелер  де  жоқ.

Фундаментализм 

Фундаментализм  - дінде фанаттық әрі догматтық жолды ұстануды  білдіреді. Оның  исламмен  еш  байланысы  жоқ, әйтсе  де  кейбір  адамдар  ирандық және  саудтық жамағаттарды  фундаментализмге  теліп  жатады. Бірақ бұл  исламда фундаментализмге орын бар дегенді білдірмейді. Фундаментализмнің ирандық,  саудтық  белгілері  өздері еретін  діни ағымдардан туған. Бірақ,  мұсылман әлемінің басым көпшілігі бұларды  қолдамайды. Исламды фундаментализм, ал мұсылмандарды фундаменталистер деу  аса үлкен қателік. Бұл мәселе түбегейлі  шатасуға   әкеліп соғады және  нақтылауды  талап  етеді.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.