Исламда догматизмге орын жоқ

Сауал: Ислам  догматизмге  қалай  қарайды?

Жауап: Егер   догматизм  дегеніміз  еркін  ойлауға жол  бермей,  кез-келген  нәрсені көрсоқырлықпен  қабылдау  немесе  тұрған күйінде көшіріп  алу  дегенді  білдірсе, онда  исламда  догматизмге   орын  жоқ. Батыстық дін тұжырымдамасы ғылым мен сенімді бөліп қарастырады. Ал  исламда  олар керісінше бір-бірін  толықтырып отырады. Құран  әрбір адамды өзінің сана-сезімін, ойлау  қабілетін  толықтай пайдалануға шақырады (мысалы, саралау, пікір қорыту, пайымдау, сыни тұрғыдан қарау және бағалау).

Сауал: Ал  белгілі бір қағидаға, ережеге негізделген құқықтарды  белгілейтін Құран  аяттары  ше?

Жауап: Өмір  мен болмыстың талассыз  мызғымас, өзгермейтін аспектілері болады. «Табиғат  заңдарының» өзгермеуі секілді, адамзаттың да негізгі  аспектілері  ешқашан  өзгермейді (мысалы, болмыс, негізгі  қажеттіліктер, сезімдер т.б.) Сондай-ақ,    діннің де  адамзатқа  қатысты   мәңгілік  құндылықтары  мен  мызғымас   қағидалары болуы тиіс. Бұған  қоса адалдық, пәктік, үлкендерді (әсіресе ата-ананы) құрметтеу, жанашырлық, сүйіспеншілік  пен  қадір тұту секілді адами қасиеттер, адамзатқа ортақ құндылықтар  болып табылады. Дәл осы  секілді ішімдіктің,  құмар  ойындарының, бұзықтық  пен  зинақорлықтың, ұрлықтың, өтірік  айтудың, теріс  жолмен  келген  пайдадан бас  тартудың  зияндығын  барлығы  да  мойындайды. Заңдарды орнықтыру барысында әлгіндей  қасиеттер  мен  құндылықтарды  ескеру не қабылдау догматизмге жатпайды.

Әйткенмен,  басқа  діндер  тәрізді исламның  да өзінің   кейбір ізбасарларының  арқасында,  догматикалық  қарым-қатынастардан бас  тартпаған  кездері  болған. Мәселен, Әлидің (р.а.) басқару кезеңінде  харижиттік экстремизм Захиризмнің пайда болуына әкеліп соқтырды. Олар аяттардың тек сыртқы жағын ғана қабылдап, партикуляризация  және генерализация (топтап қорыту) секілді  негізгі ережелерді пайдаланудан бас тартты. Алғашында бұл  философиялық  ағым емес болатын. Алайда, Дәуіт әл-Захири  мен  әл-Хазм секілді кісілер Андалусияда оны бір жүйеге келтіріп, ол  туралы кітаптар   жазды. Мұның соңы уахабизмнің  туындауына  әкеліп  соқты. Алайда  ислам  дініндегі мұндай адамдар  қашанда  ат  төбеліндей  ғана  аз  болған.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.