Ислам – ғаламға мейірім әкелген дін

Өмір – Аллаһтың ең үлкен сыйы, алайда шынайы, мәңгілік өмір бізді о дүниеде күтеді. Біз Аллаһқа қалтқысыз құлшылық жасау арқылы ғана бұл өмірде абыройлы боламыз, сол үшін де Рахман әрі Рақымды Аллаһ бізге пайғамбарларын жіберіп, қасиетті кітаптарын түсірген. Сол себепті, Оның адамзатқа деген рақымдылығы Рахман сүресінде: «Аса рақымды Аллаһ. Құранды үйретті. Адамзатты жаратты. Оған сөйлеуді үйретті» (Рахман сүресі, 1-4-аят) деп сипатталған.

Бұл дүниедегі бүкіл өміріміз қабірге дейінгі дайындық болып табылады, Жаратқанның кез келген жаратылысы осы ақырғы күнді күтеді. Біз кез келген ісімізде, жетістігімізде әрқашан Аллаһтың шапағаты мен мейірімділігін айқын көреміз. Кейбір апатты жағдайлар мен қоғамдық қақтығыстарды, бір қарағанда қабылдау қиынға соққанмен біз оны Аллаһтың рақымдылығы мен жанашырлығынан аулақ дей алмаймыз. Қара бұлт үйіріліп, аспан қарауытқанда күн күркіреп, найзағай ойнағанда ауа райы тым үрейлі көрінеді, алайда артынша ол бізге нұрлы жаңбырын төгіп, айналаны әсем күйге бөлейді. Сондықтан бүкіл ғалам аса Рахман әрі Рахымды Аллаһ Тағаланы ұлықтайды.

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.