Су мұғжизалары

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалармен бірге Зәруада болғанда, су құйылған ыдыс сұрады. Алақанын суға тигізді. Сол сәтте саусақтарының арасынан су аға бастады. Сөйтіп, барлық сахаба дәрет алып, жуынды. Риуаят етуші былай дейді: «Мен: – Ей, Әбу Хамза, (Әнәстың лақап аты) олар қанша кісі еді? – деп сұрадым. – Үш жүз кісі шамасында еді, – деп жауап берді»[1].
Худәйбияда Расулуллаһқа судың таусылғаны хабар берілді. Сол кезде Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қынынан бір оқ суырды да оны Сәмәд құдығының ішіне тастауды бұйырды. Уаллаһи, сол сәтте су көбейіп, олар сол жерден кеткенге дейін құдықтың суы ернеуінен асып-тасып жатты[2].


[1] Бұхари, Мәнәқиб 25; Мүслім, Фәдәил 6, 7.
[2] Бұхари, Шурут 15.
Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.