Аурулар мен жаралылардың шипа табуы

Бұхари мен Мүслімнің жеткізгені бойынша, Хайбарда Расулуллаһ:
− Әли ибн Әби Талиб қайда? – деп сұрады. Сахабалар:
− Уа, Расулуллаһ! Оның көзі ауырып жатыр, – деді.
− Жылдам шақыртыңдар! – деп бұйырды.
Сахабалар дереу хазірет Әлиді алып келді. Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрак түкірігін оның көзіне жағып, дұға етті. Әли (р.а.) бірден жазылды. Тіпті еш жері ауырмаған адам сияқты қунап шыға келді...[1]
Осман ибн Хунәйф айтады:
Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір зағип адам келді: «Уа, Расулуллаһ! Аллаһқа жанарым көруі үшін дұға етесіз бе? – деді. Расулуллаһ:
–  Қаласаң, сен үшін бұл дұғаны кейінге қалдырайын: ол – ақыретте сен үшін абзалырақ. Ал егер қаласаң, дұға етейін», – деді. Соқыр кісі: – Аллаһқа дұға етіңіз, – деп өтінді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) асықпай дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған соң, оған өзі үйретпекші болған дұғаны оқуды бұйырды. Соқыр кісі көп өтпей жазылып кетті.[2]


[1] Бұхари, Фәдәилус-сахаба 9; Мүслім, Фәдәилус-сахаба 34.
[2] Тирмизи, Дағауат 119; Ибн Мажә, Иқама 189; Ахмәд ибн Ханбал, әл-Мүснәд, 4/138.

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.