Ғайыпқа қатысты мұғжизалары

Айша анамыз (р.а.) былай дейді:
Бір күні Күн тұтылды. Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Күсіп» (күн тұтылу) намазын оқыған соң, былай деді:
«Күдіксіз, Күн мен Ай – Аллаһтың аяттарынан екі аят. Сендер осы тұтылуды көрген кезде қашан ашылғанша намаз оқыңдар. Ант етейін, мен осы «Күсіп» намазын оқыған жерде маған уәде етілген барлық нәрсені көрдім. Намазда сәл алға жылжығанымда жәннаттан бір шоқ жүзім алмақшы болғанымды көрдім. Тағы да ант етейін, сәл кері шегінгенімде ішіндегілері бір-бірін талап жеп жатқан тозақты көрдім»[1]

Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) айтады: Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі қабірдің қасына барды да:
– Абайлаңдар! Бұлар шынымен де азап шегіп жатыр. Бірақ үлкен нәрсеге бола азап шегіп жатқан жоқ. Біреуі өсек айтатын, екіншісі кіші дәретінен сақтанбайтын, – деді.[2]


[1] Бұхари, әл-ағмалу фис-салат 11; Мүслім, Күсіп 3.
[2] Бұхари, Ууду 55, 56; Жәнәиз 81, 88; Әдәб 45, 49; Мүслім, Таһарат 111.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.