Ағаштардың Пайғамбарымызға куәлік беруі

Жабир ибн Абдуллаһтың (р.а.) айтуынша:
Расулуллаһпен бірге кетіп бара жатқан едім. Жүре-жүре иен далаға шықтық. Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәрет сындыруға кетті. Мен де бір ыдысқа су құйып артынан еріп отырдым. Бір кезде Расулуллаһ айналасына қарады, бірақ қалқа боларлық ештеңе көзге іліне қоймады. Алыста екі ағаш өсіп тұр екен. Расулуллаһ олардың қасына барып бұтақтарының біреуінен ұстады да: «Аллаһтың рұқсатымен, маған бағын!» – деді. Бұтақ жуасыған түйедей дереу бағынды. Енді келесі ағашқа барды да, бұтақтарының біреуін ұстап: «Аллаһтың рұқсатымен маған бағын!» – деді. Ол да біріншісі секілді бағынды. Екеуінің ортасына барған сәтте: «Аллаһтың рұқсатымен мені қалқалаңдар!»,- деді. Екеуі Пайғамбарымыздың әмірін екі етпеді[1].
Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) былай деген еді:
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір құрма діңгегіне сүйеніп хұтба оқитын. Мінбері жасалған соң, әлгі діңгекке сүйенбейтін болды. Сол сәтте діңгек ыңырсыған дыбыстар шығарды. Пайғамбарымыз дереу оның жанына барып, қолымен сипап еді, тынышталды (ыңырсуы тоқтады)[2].
Әбу Саид әл-Худридің (р.а.) айтуынша:
Бір күні құптан намазынан кейін Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Қатада ибн Нұғманға бір шыбық берді. Оған:
– Бұл шыбық сенің он (аршын[3]) алды-артыңа жарық береді. Үйіңе барғанда, үйдің бұрышынан бір қарайған нәрсені көресің. Оның саған бірдеңе деуіне мұрша берместен ұр, – деді. Ол да әмір етілгенді бұлжытпай орындады.[4]




[1] Мүслім, Зүһд 74.
[2] Бұхари, Мәнәқиб 25; Тирмизи, Мәнәқиб 6; Нәсаи, Жұма 17; Ибн Мажә, Иқама 199; Ахмәд ибн Ханбал, әл-Мүснәд, 1/249, 266, 363. Абдуллаһ ибн Омардың риуаяты үшін қараңыз: Һайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 2/180.
[3] 1 аршын – 68 см-ге тең (немесе бір қол ұзындығы)
[4] Ахмәд ибн Ханбал, әл-Мүснәд, 3/65.
Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.