Бүлдіршін кезінен мешітке үйрету

Бақытты ғасырда балалар бүлдіршін кезінен мешітке баратын. Өкініштісі, бүгінгі күні жас бала-лардың мешітке баруы мешіт ережесіне қайшы келеді деп қарайтындар баршылық. Тіпті кейбір мешіттерге бас сұққан баланы көрсе, ала көзімен атып, қуып шығатын жаман әдеттің де бар екені қынжылтады. Діни танымы таяз, рухани өресі тар ондай адамдар өздерінің бұл қылығын мешіттің беделін қорғау деп түсінетінін қайтерсің? Алайда олар осы қылық арқылы балаларды мешіттен үркітіп, сүннетке қайшы келгенін түсіне бермейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітте адамдардың сапын реттегенде, алдыңғы қатарға ер кісілерді, содан соң балаларды тұрғызатын. Ең артынан әйелдер сап түзейтін[1].

Мешітте халықтың қаншалықты пейілмен намаз оқып жатқанын көрген баланың діни міндеттерді атқаруға деген құлшынысы артады. Осы себепті балаларды қорқытып, үркітіп, мешіттен қуудың орнына, қайта сыйлық ұстатып, намазға жақындату керек. Мешіт пен мешіттің бақшасына жиі апарып, бала санасына мұндай орындардың қасиетті екендігін сіңірген жөн. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітте, жамағаттың ішінде намаз оқырда жиені Ұмаманы иығына алып, иілгенде жерге қойып, тұрарда қайта иығына отырғызатын[2]. Пайғамбарымыздың бұл өнегесі тәрбие тұрғысынан өте маңызды.

Балаларды мешітке жолатпау жайлы Пайғам-барымыз (с.а.с.) ешқашан бір ауыз сөз айтпаған. Осы себепті тұрғылықты жеріміздің бір ауданы мешітке, ал үйіміздің іші намаз оқитын орынға айналса, бала қай жаққа қараса да есіне Аллаһты, руханиятты салып тұратын белгілер кезіксе, бала өз еркімен өз жолын таңдаған болар еді. Бала намаз оқитын жасқа келгенде, егер әкесі қолынан ұстап, шешесінің қасына, жайнамаздың бір бұрышына тұрғызып, жүрегінің тереңдігімен оның көңілін мәңгілік михрабына байласа, аса маңызды іс жасаған болар еді, өйткені намаз Алаһқа бетбұру тұрғысынан өте маңызды құлшылық болып табылады.

[1] Қараңыз: Уәхба Зұхайли, Ислам энциклопедиясы, 2/352-353.
[2] Нәсаи, Сәху, 13; Муатта; Салат 85.
Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.