Сегіз қырлы, бір сырлы бала тәрбиелеу

Егер балаларымыз ержүрек, батыл болып өссін десек, оларға қайдағы-жайдағыны айтып, вампирлермен, жын-перілермен қорқытып тәрбиелемеуіміз керек, керісінше, барлық келеңсіздіктерге қарсы тұрып, күресе алатындай олардың рухын шыңдауымыз қажет.

Егер балаларымыздың иманды болуын қаласақ, жүріс-тұрыс, сәждедегі кезіміз, рукуғымыз, жан қиналысымыз, басқаларға мейірімді болуымыз, қысқаша айтқанда, бүкіл іс-әрекетімізбен Аллаһқа иман келтіргенімізді балаға көрсетуіміз керек. Бала алдында өзіміздің абыройымызды төгетін қылықтардан аулақ болған дұрыс. Оларға өзімізді абыройы биік, сом жүректі тұлға ретінде танытуымыз керек. Сөйткенде ғана біздің айтқан, түсіндіргендеріміз олардың көңіліне қонады. Сонда ғана олар біздің сөзімізге қарсылық білдірмейтін болады.

Осы тұрғыдан алғанда, бұл жайттарға селқос қарайтын жеңіл ойлы ата-ана балаға тек жолдас қана бола алады, оларға жақсы ұстаз не тәрбиеші бола алмайды.

Шаңырағымыз өзінше бір мектепке, бір ғибадат-ханаға, тәрбие ошағына айналуы тиіс, балаларымыздың сезімдері мен рухын, жүректеріне ізгілік нәрін толтырып, олардың нәпсінің құлы болып кетпеуін қадағалаған жөн.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.