Диалог орнатуда мұсылмандарға кезігетін қиындықтар

Тек соңғы ғасырдың өзінде христиан қолынан қаза тапқан мұсылмандардың саны, тарих бойына мұсылман қолынан мерт болған христиандардың санынан біршама арта түскен.

● Көптеген мұсылмандар, тіпті білімді әрі жетік білгір мамандардың өзі батыстықтардың түрлі айлакерлік тәсілдермен исламның негізін бұзғысы келетініне сенеді.

● Батыстық отарлау да естен шыға қойған жоқ. Еуропалықтардың әскери қыспағынан Осман державасы күйреді.

Шетелдіктердің мұсылман жеріне басып кіру тарихы Түркияда жіті бақылауға алынды. Ислам дінінің бірте-бірте қақтығыс пен қарсы тұру идеологиясына немесе партиялық идеологияға «айналуы» исламға да, мұсылмандарға да адамдардың күдікпен қарауына итермеледі.

● Тәуелсіздік жолындағы күресте ислам мұсылман-дар үшін ең мықты қозғаушы күш болды. Ол Ислам мен Батыс арасында жасанды қорған тұрғызған, тәуелсіздіктің жаппай саяси идеологиясы мен бөлуші элементі ретінде қабылданады.

● Христиан әлемінде исламның тарихи бейнесін иудаизм мен христиандықтың дөрекі әрі деформацияланған нұсқасы ретінде, ал Пайғамбарымызды – жалған сөйлейтін адам ретінде көрсетулері мұсылмандардың жандарын жаралай бермек.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.