Аллаһтың разылығын қалау

Фетхуллаһ Гүлен: Аллаһтың разылығын қалау

Сұрақ: «Раб ретінде Аллаһқа, дін ретінде Исламға, елші ретінде хазірет Мұхаммедке (саллаллаһу алайһи уәсәлләм) разымыз» (Бұһари, Илм, 29; Мүслим, Сиям, 197) деген сөз мүмин үшін қандай мәнге ие? Осы мүбәрак сөзді айтудың жөні қандай?

Жауап: Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.с.) ертеңгісін және кешкісін رَضِينَا بِاللهِ رَبًّا وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا дейтін мұсылманның ақыретте Жаратушының разылығына кенелетінін білдірген (Әбу Дәуіт, Әдеп,100) Демек, бұл сөз ертелі-кеш мүминдердің зікіріне айналуы тиіс мүбәрак сөз. Неге десеңіз, бұл тұста адам әуелі Аллаһқа, яғни басқа салған барлық ісіне разы болғанын, иләһи жүйе ретінде Исламды қабылдағанын, және соған разы екенін, пайғамбар ретінде Пайғамбарлар төресіне разылық танытып, соның басшылығына бағынғанын айтуда. Шын мүмин болудың жолы негізінен осындай сана-сезім мен осындай иман мен изанға байланысты.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) бал татыған осы сөзімен бізге маңызды бір ақиқатты тілге тиек ете отырып, тұспалды түрде мұсылмандарды тілдерімен айтқан осы разылыққа жеткізетін, әрі осы сезімді өздерінде іштей жетілдіре түсетін, тереңдететін амалдар жасауға ынталандыруда.

Разылық деңгейінің темірқазығы

Аллаһ елшісі (с.а.с.) басында رَضِينَا بِاللهِ رَبًّا деп айту арқылы әрі осы ақиқатқа сай өмір сүруімен разылық деңгейінің темірқазығы болғанын көрсеткен. Иә, ол разылық деңгейінің дәл орта тұсын ұстайды. Сондықтан біздің әр رَضِينَا بِاللهِ رَبًّا деуімізде Аллаһты дәл алдымызда деп білуіміз керек. Тіпті бір кісі Аллаһқа қарай қанаттанып ұшса әрі тікелей өзінен «Мен саған разымын» деген сөзді естісе, тіпті ойша елестетер болсақ, Хақ тағала ол кісіге де Пайғамбарлар төресімен бір деңгейге қатарластырып, Пайғамбарымызға уахи еткендей оған да илхам, уаридат және мәухиба нәсіп етіп, екеуіне де бір дәріс берсе де, ол адамның міндеті үнемі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жолбасшылығына еру болуы тиіс. Өйткені ол кісі осындай сана-сезімге, осындай логика мен философияға, Аллаһ елшісінің арқасында, соның жетекшілігімен жетті. Ол болмаса, дүниесі де, ақыреті де қап-қараңғы қапасқа айналар еді. Осы себепті адамның о бастан ерікті түрде үнемі Пайғамбарлар төресін (алайхи акмалу тахая) жолбасшы әрі мұғалім ретінде біліп, соның жетекшілігіне еруі разылыққа жету тұрғысынан аса маңызды.

Кейбіреулердің сәйрі сулук руханиде (руханият сапарында) белгілі бір деңгейге келуі Аллаһқа деген байланысын күшейтуге түрткі болса, барлық нәрсені шариғат таразысымен тартпайтын кейбіреулер үшін, Құдай сақтасын, босаңсуға себеп болуды әрі осындай жағдайға түскендер үшін кей уақыттарда «Менің нұрым да соның нұрындай» дей алуда. Анығында пайғамбар (с.а.с.) әрі орта нұр, әрі ақырғы нұр. Ешкімнің ол нұрға жете алуы не оның жеткен деңгейіне жетуі мүмкін емес.

Бұл мүбәрак сөзде Аллаһ елшісі (с.а.с.) кейінірек وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا сөзімен иләхи бір жүйе ретінде Исламға разы екенін білдірген. Иә, Исламды дәл расулуллаһтай түсінген, осы иләхи жүйеге одан артық разы болған, осы жүйеге өмірін арнаған, және соның беделін көтеруден басқа ештеңе ойламаған басқа адам көрсету қиын. Хазірет Әбу Бәкірдің адалдығын, хазірет Омардың ақиқатты жақтаудағы жігері, хазірет Османның Құранға деген ынтасы, хазірет Алидың рух пен жүрек қаһарманы болуын бәрін бір жерге жинасаңыз, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) исламға деген разылық деңгейінің жанында бұлардың онда бірін де құрай алмағанын көресіз. Бұл айтқан сөздерім осы ірі тұлғаларға жеңіл қараушылықты білдірмейді. Мен бұл жерде бұларды ұлықтардың ұлықтығын айшықтау, Аллаһ елшісінің Ислам мәселесінде қаншалықты разылық қаһарманы болғанын білдіру үшін ғана айтудамын.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) соңында وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا деп, өзінің пайғамбарлығына да разы екенін білдірген. Әсілі Сүйікті елші (с.а.с.) барынша кішіпейіл адам болғандықтан, үнемі Аллаһтың құлы екендігі түсінігімен әрекет етіп, жалшысымен бірге дастарханға отырып, ол жеместен астан жемей, өзін ең қарапайым адамнан артық көрмейтін. Алайда бүкіл бұлармен қоса ол өзіне өте ауыр жүк болып табылатын пайғамбарлық міндетті арқалаған. Мәселен, әлдекім «Лә иләһи иллааллаһ» деумен қатар «Мұхаммедун расулаллаһ» демесе, мұсылман бола алмайды. Неге десеңіз, оның пайғамбарлығын мойындау Исламның және иманның негізгі талабы. Пайғамбарлар сардарының әлгі теңдессіз кішіпейілдігі мен пайғамбарлық міндетін жариялауы арасында сырттай қайшылық байқалады. Міне, осы себепті оның ғажап қарапайымдылығымен бірге وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا деуімен хазірет Мұхаммедтің елші болуға да разы екендігінің басқаша бағасы бар. Өйткені бұл Аллаһтың жазмышы.

Мағрифат деңгейінде разылық сана-сезімі

Осы мүбәрак сөзді айту ретіне келсек, ғапылдық пен жалығудан (үлфет) арыла отырып, жүректің тереңінен келетін ғашықтық я ынтамен соны айту өте маңызды. Негізінде Аллаһқа, пайғамбарымызға және исламға разы болу әуелі соларды жақсы танумен байланысты. Өйткені білген адам білгені деңгейінде жақсы көреді, білмеген адам өзі білмеген нәрселерге самарқау ғана қарайды. Сондықтан Хақ тағаланы ұлылығымен, рубубиет және улухият сырларымен танымасаңыз, разылық деңгейіне жете алмайсыз. Адамзаттың мақтаулысы хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) өз деңгейіне сай танымағанда, пайғамбарлығына лайықты түрде разылық таныта алмайсыз. Сол секілді Ислам дінін өз тереңдігімен, негізі және тармағымен білмегенде оған разы бола алмайсыз.

Қазіргі уақытта көп адамдардың Адамзаттың мақтаулы тұлғасы хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) көңіл бөлмеуі оны жеткілікті білмеулерінде. Егер осы адамдардың көңілінде Пайғамбарымызға деген бір ынта оятып, шоқ маздатылса, олар да қызығып, білу мүмкіндігіне ие болар еді. Алайда бұндай мүмкіндікті көше бермегендей, мектептер де, тіпті мешіттер де оны лайықты түрде тану мүмкіндігін бере алмады. Отбасында да осындай күй орнамады. Сондықтан бұл адамдар Адамзаттың мақтаулысын (с.а.с) білмей өсті. Егер осынша алыс өсуіне қарамастан қазіргі күннің өзінде де бұқараның жүрегінде пайғамбарға тән ізгі ойлар жатқан болса, әлі олар «Лә иләһи иллааллаһ, Мұхаммадун расулаллаһ» десе, бұны Жаратушы иенің төтенше игілі деп қана қабылдау керек.

Ең ірі нығмет үшін үнемі дұға

Разылық жұмақ пен жұмақтағы нығметтерден де үлкен нығмет болса, онда біздің де қолымызды жайып, «Аллаһ тағалам, мені өзің разы болатын деңгейге жеткізе гөр» деп дұға етіп, жалбарынуымыз керек. Иә, әрбір тынысымызда اَللّٰهُمَّ إِلَى مَا تُحِبُّ وَتَرْضَى «Аллаһ тағалам, Өзің сүйген әрі ұнатқан нәрселеріңе мені жеткізе гөр!» деуіміз керек; اَللّٰهُمَّ عَفْوَكَ وَعَافِيَتَكَ وَرِضَاكَ «Аллаһ тағалам, Өзіңнен кешірім, денсаулық және разылығыңды тілеймін!» деп отырсақ та, тұрсақ да жалбарынуымыз керек. Өйткені Хақ тағала адамның шын көңілмен тілегенін беретінін уәде еткен. Алайда бұл тұста табандылық керек. Неге десеңіз, кейде сұраған нәрсенің берілуі бес, он, тіпті жиырма жылдан кейін орындалуы мүмкін. Осы тұрғыдан Хақ тағаланың бізге разы болуын қалап, тамырлардағы қанның разылық деп бүлкілдеп ағуы, жүрегіміз де әр дүрсілдеген сайын осыны тілегенін қаласақ, он жыл, жиырма жыл осындай нәтиже үшін жалынып, жалбарынуымыз керек.

Меніңше, бұл үшін ұзақ дұға жасауға болады. Өйткені Хақ тағала: وَرِضْوَانٌ مِنَ اللهِ أَكْبَرُ «Аллаһтың разылығы бәрінен артық» (Тәуба сүресі, 9/72) деу арқылы, Аллаһ разылығының, жұмаққа кіру, Фирдаусқа жету, хазірет Мұхаммед Мұсатафаны (с.а.с.) көруден де артық екенін білдірген. Алайда, меніңше, ешбіріміз осыншалықты ұзақ уақыт разылықты тілеп дұға етпедік. Жиырма бес жыл бойы «Аллаһ тағалам, разылығыңды, тек разылығыңды қалаймын…» деп ішкі жай күйімізді ақтармадық. Шынтуайтында, жиырма бес жыл емес, өмір болса, осы үшін екі жүз елу жыл жалынып, жалбарынуымыз қажет болар еді.

Әсілі Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) осы сөздері арқылы мұсылмандарға биік мақсат көрсеткен. Ендеше, мұсылмандардың міндеті не істесе де осы мақсатқа жету болуы тиіс. Ол үшін сенетін әрбір адам сол мақсатты өзіне қоя біліп, соның қайғысын жеуі тиіс. Анығында өзіне мақсат қойған адам отырса да, тұрса да сол мақсатқа жетудің жолдарын қарастырады. Тіпті дәрет алып жатқанда, намазға бара жатқанда, тіпті намаз оқығанда да ойынан осы шықпайды. Айналып келгенде, оның үнемі ойынан шықпаған бұл ойларды Аллаһ тағала дұға есебінде қабыл алып, оларды текке кетірмейді. Осы себепті біз Аллаһ елшісінің бізге мақсат етіп қойып беріп отырған разылық деңгейіне жетуге тырысуымыз керек. Күндіз де, түнде де, отырсақ та, тұрсақ та үнемі соны ойлап, соған талпына беруіміз қажет.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.