Біреудің тура жолды табуына дәнекер болу

Бір аятта «Шынында, сен тура жолға салушысың»[1], ал басқа аятта «Расында, сен оларды тура жолға шақырудасың»[2] делінеді. Яғни, алғашқы аятта «тура жолға салу» туралы айтылса, екіншісінде «шақыру» туралы айтылған. Аяттардан түсінгеніміздей, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзаттың тура жолға түсуіне дәнекер болса, шайтан да адамның адасуына себепкер. Алайда жоғарыда айтып өткеніміздей, тура жолды да, қисық жолды да жарататын – Аллаһ тағаланың өзі.

Аллаһ тағала тура жолға бастайтын түрлі себептерді жаратқан. Солардың бірден-бір дәлелі – пайғамбарлар. Егер адамдар оларға құлақ асып, дұрыс таңдау жасамаса, Аллаһ тағала олар үшін тура жолды нәсіп етпейді. Яғни дәнекерлерді қойғанмен, нәтижесін бұйыртпайды. Мәселен, осы жайт туралы Құранда: «Сәмуд қауымына келсек, оларға тура жолды көрсеткен едік. Бірақ олар тура жолдың орнына қисық жолды таңдап алды...»[3], – делінген.
Демек, мәселенің бір ұшы адамға келіп тіреледі: яғни оның пейілі мен өз таңдауын негізге алады, ал келесі бір ұшы толығымен Аллаһ тағаланың тура жолды немесе қисық жолды жаратуына барып тіреледі.


[1] Шура сүресі, 42/52.
[2] Мүминун сүресі, 23/73.
[3] Фуссилат сүресі, 41/17.
Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.