Жеңіске деген жігерлік

2. Бухари мен Әбу Дәуудтың[1] «Сунән» атты кітабында  Хаббаб ибн Әрат (р.а.) баяндаған мына оқиғаны ықшамдап айтайық.
Аллаһ елшісі қағажу көріп қатты қиналған уақыттарының бірінде басын бүркеп, Қағбаның көлеңкесінде отырған еді. Кім білсін тағы да елдің мазағына душар болды ма екен. Бұл қараңғы дәуірдің тағылықтары мұсылмандарға қарсы жұмсалатын өте ауыр әрі азапты кезең еді. Ол кезде мен әлі азат бола қоймаған едім. Қожайыным мен Мекке билеушілерінің маған көрсеткен азаптарына шыдай алмайтын халге жеттім. Аллаһ елшісінің жалғыз отырғанын көріп, жанына бардым да:
– Пайғамбарым! Аллаһқа дұға етіп, жеңіс пен жәрдем тілесеңізші? – дедім.

Сахаба Аллаһ елшісі дереу қолын жайып, дұға етеді деп ойлаған-ды. Тіпті Құрайышқа қарғыс айтса екен деп қарап тұрды. Бірақ Аллаһ елшісі оған былай деді:
«Аллаһ атымен ант етейін, сендерден бұрынғы өткен үмбеттер бұдан да қиын азап шекті. Олардың кейбірі қазылған орларға тасталып, темір аралармен денелері қақ айрылатын. Бірақ сонда да діндерінен бас тартпады. Еттері мен сүйектері ажыратылып жатса да қыңқ етіп осалдық көрсетпейтін. Аллаһ бұл дінді сөзсіз кемеліне жеткізеді, бірақ сендер асығыстық жасайсыңдар. Сол заман келгенде бір әйел Хирадан Хадрамауытқа дейін жалғыз өзі сапарға шығады. Ол жолда жыртқыш аңдардан басқа ештеңеден қорықпайды». Хаббаб бізге айтқан әңгімесін жалғастырып:
«Ант етейін, Аллаһ елшісінің айтқандары дәл келді, мен бұлардың барлығын өз көзіммен көрдім», – деді[2].



[1] Әбу Дәууд, Сулейман ибн әл-Әшас әс-Сижистани (Бағдад ш.817- Басра 888) – Әйгілі мұсылман ғалымы. Хадис саласында айрықша орны бар алты жинақ авторларының бірі.
[2] Бухари, Мәнақиб, 25; Әбу Дәууд, Жиһад, 97.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.