Ыстамбулдың азат етілуі

Ыстамбул азат етілетін еді. Сол күннің атауы бойынша Константинополь сөзсіз мұсылмандардың қолына өтетін. Хаким[1]  «Мустадрак» атты кітабында Аллаһ елшісі хабарды бізге былайша жеткізді: «Константинополь бір күні сөзсіз алынады. Оны алған қолбасшы – неткен керемет қолбасшы, оны алған әскер де неткен тамаша  әскер!»[2].

Әр дәуірдің алып қолбасшылары мен жау жүрек батырлары сонау сахаба дәуірінен бастап, осы бір құтты хабарға лайық болу үшін сан рет Ыстамбулдың түбіне дейін келіп, оның іргесіне ат басын тіреп тұрып, ала алмай кері қайтқан.  

Әбу Әйюб әл-Әнсари да келіп, кері қайтпай, Ыстамбулдың бауырында қалып қойған еді. Ол бейне бір Ыстамбулдың аса бағалы інжу-маржаны тәрізді.

Мен бұл жерде әркімге аян бір-екі мәселеге тоқтала кетейін.

Ыстамбул алынған күні қамалға шығып, ту тіккен  Улыбатлы Хасан қатардағы жай бір сарбаз емес болатын. Ол – Ендерунда[3]  өскен офицер әрі Фатихпен бірге оқыған жан еді.

Ол дәуірде олар бірнеше адам болатын. Ыстамбулдың алғашқы қазысы – Хызыр Челеби. Улубатлы Хасан мен Жиһан жеңіскері Мұхаммед Хан – бұлардың тек үшеуі ғана. Бірге өсіп, бәрі бір жерден білім алған.

Улубатлы қамал алынған күні көп жерінен жарақатта-нып, тұла бойын қан жуып кеткеніне қарамастан, байрақты қамалға тікті. Біраздан соң Фатих осы бір қаһарман теңіз сарбазының жанына келді. Осы сәтте Улубатлы өлім аузында жатқан еді. Оның жүзіндегі күлкі Фатихті таңғалдырды. Оның: «Неге күлімсіредің?» – деген сұрағына Улубатлы: «Әлгінде ғана осы жерлерді Аллаһ елшісі бақылап, тексеріп жүр еді. Мен оның нұрлы жүзін анық көрдім. Соған қуанып жатырмын», – деп жауап қайырды.
Ыстамбулдың алынуы да – туралыққа куәлік еткен өзге куәлардай Аллаһ елшісінің туралығын көрсеткен айқын дәлел. Әрі Әбу Әйюб әл-Әнсари да осындай тамаша куәнің бірі. Өйткені сол жердің алынатынын алғаш естігендердің бірі еді. Сондықтан өзі сонау Мәдинадан келіп, денесін Ыстамбулға жерлеуін өсиет еткен[4].



[1] Имам Хаким немесе Әбу Абдуллаһ Мухаммад ан-Нисабури (933-1014) – хадис ілімі саласында белгілі ғалым. Онға тарта құнды ғылыми еңбектің авторы.
[2] Мустәдрак, 4/422; Муснәд, 4/335.
[3] Ендерун – Осман мемлекетінің таңдаулы қызметкерлерінің тәлімі, діни тәрбиесі мен әскери дайындығымен айналысатын арнайы мекеме.
[4] Ибн Хәжар, Исаб, 1/405

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.