Бәну Қантура

Пайғамбарымыз ақырзаманда Ислам әлеміне шапқыншылық жасайтын Бәну Қантура деген бір ұлттың шығатынын айтып олардың түр-әлпетін суреттеп берген[1].

Негізінде, Аллаһ елшісінің айтуы бойынша Ислам әлемі тап болатын екі үлкен нәубет бар: Бұлардың бірі – Андалусияда Фердинанд[2] шапқыншылығы. Бұлар – адамдарды өлтіріп, кітапханаларды жермен-жексен етіп, өртеп жіберген батыс варварлығы. Екіншісі – Монғол шапқыншылығы. Олар да Орталық Азия, Мысыр, Сирия, Анатолияда барлық мәдени орталықтарды жермен-жексен етіп, жүрген жерін ойрандап кеткен.

Хақ пайғамбар үмбеті тап болуы мүмкін мына жайсыз хабарды алдын ала ескертіп:
«Мұхаммед үмбеті жазалануға лайық болғанда, Аллаһ жазалау үшін залымдарды жібереді. Залым – Аллаһтың қылышы. Ұлы Жаратушы, алдымен, сол арқылы өшін алады. Сосын қайта айналып, залымнан өшін алады», – деген.

Яғни залым да зұлымдығында тұрақты бола алмайды. Аллаһ осы залымдарды мұсылмандардың бастарына бәле етеді. Содан кейін оларды кері тартып сілкиді, де жер түбіне батырады. Осындай нәубеттен сақтануы үшін сол бір мейірімділік қаһарманы үмбетіне алдын-ала ескерте келе, бастарына келетін тауқымет пен ауыртпалықтарды бейнелей отырып, Аллаһтың қаһарына ұшырайтын қылықтардан бойларын аулақ салуға шақырады.

Хабарлары өзінен кейін дәл алты-жеті ғасыр өткенде, жүзеге асып, оның нағыз елші екенін жаһанға жария етті...



[1] Бухари, Жиһад, 95,96; Әбу Дәууд, Мәлахим, 10, Ибн Мәжә, Фитән, 36; Муснәд, 5/40,45.
[2] II Фердинанд Арагонский немесе Фердинанд V Католик (1452-1516) – біріккен Испания королдігінің  біріншісі. 1480 жылы инквизицияны енгізген. Оның кезінде еврейлер мен маврлар (арабтар) ол елден қуғындалған.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.