Худәйбиядағы тәблиғ сыры

Худәйбия – Ислам дінін насихаттауда айрықша маңызы бар мекен. Сол жерде меккелік мүшріктер ауыр шарттар қойған болатын. Аллаһ елшісінің мұндай шарттарды қамтыған келіссөзді қабылдауы әуел баста Омар секілді Аллаһ елшісіне берілген жандардың да наразылығын тудырған болатын. Өйткені ол сырттай қарағанда, жеңіліске апаратын келіссөз болып көрінді. Бірақ келесі жылы мұсылмандар Меккеге емін-еркін барып кірді. Олардың келуі Меккеде бір жыл бойы сөз болды. Осылайша жүректер Исламға біртіндеп жақындай түсті. Меккенің бетке ұстар үлкендерінің бірі Халид ибн Уәлид, Амр ибн Ас және солар секілді жандар да осы арада өз жүрек қалауымен Исламға кірді[1]. Олардың Исламды қабылдауы келешекте ақиқаттың өркен жаюына, нығаюына көп септігін тигізер еді. Солай болды да.

Серт берген сахабалардың Ақ Пайғамбарға адалдығына меккеліктер айрықша тәнті болды. Бұл да меккеліктердің Исламға жақындауын тездетті.



[1] Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 4/272.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.