Арнайы насихат

Аллаһ елшісі жеңістен жеңіске жетіп жүрген шағында да жекелеген адамдармен қарым-қатынасын үзген емес. Ол бір-екі жылдың төңірегінде Меккенің барлық халқы өзіне қосылатынын білетін. Бірақ осыған қарамастан, Халид ибн Уәлид пен Амр ибн Астың тура жолға түсуін айрықша қалады. Әуелі жанындағы сахабаларды осы екі кемеңгерді алдарынан шығып күтіп алуға жіберген еді. Халид мұсылман болу үшін қолын созған кезде, Аллаһ елшісі ілтипат көрсетіп: «Мен Халидтей саналы адам қалайша күпірлікте жүр деп таңырқаушы едім. Бір күні келіп мұсылман болатыныңа толық сенетін едім»[1]  деген болатын. Аллаһ елшісінің айтқан осы сөздері – ілтипаттың ең үлкені. Өзіне көрсетілген мұндай ілтипаттан Халидтың қалай толқығанын кім білсін?

Осы кезде Амр ибн Ас та Аллаһ елшісінің қолынан ұстап жібергісі келмеді. Қайта-қайта: «Ей, Аллаһтың Расулы, күнәларым үшін жарылқау, кешірім тіле, Аллаһқа дұға ет», – деді. Екі әлем Сардары оған да ілтипат көрсетті: «Білмейтін бе едің? Ислам бұрынғы жасаған барлық күнәларды кешіреді. Адам алғаш Исламға кіргенде, анасынан жаңа туғандай тап-таза болады», – деп, оларға шынайы үміт сыйлады[2].

Аллаһ елшісі жүректерге көктем шуағын шашып, өзіне деген халықтың құрметін дінді таратуға арнады. Адамдар топ-тобымен алдына келіп, дінді қабылдады. Тіпті сол күннің толқыны біздің де күнімізге жетті. Пайғамбарымыздың осы қасиетті хабары бұдан кейін де қияметке дейін толқынды қуалаған толқындай жалғасатынына сенеміз.



[1] Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 4/273; Кәнзу’л-Уммал, 13/374. Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 4/273; Кәнзу’л-Уммал, 13/374.
[2] Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 4/271

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.