БОЛАШАҚҚА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАР

Жақын замандарда

1. Бухари мен Муслим Усамадан (р.а.) жеткізеді:
(Усама – Зәйд ибн Харисаның ұлы.)
Аллаһ елшісі Усаманы жақсы көріп, қасынан тастамайтын. Хасан немесе Хусейнді (р.а.) бір тізесіне отырғызса, екінші тізесіне Усаманы отырғызатын[1].

Бір күні бәрін бірдей меңзеп: «Аллаһым! Бұларға рақымдылық ет! Өйткені мен де бұларға мейіріммен қараймын», – деп дұға еткен еді[2].

Аллаһ елшісі өмірінің соңына таман Усаманы Визан-тияға қарсы жасақталған әскерге қолбасшы етіп тағайын-дады. Усаманың әкесі көп жыл бұрын сонда шейіт болған еді. Алайда күннен-күнге пайғамбарымыздың денсаулығының ауырлап бара жатқанын көрген Усама әскерді тоқтатып, әз Елшінің көзі жұмылғанша  орнынан қозғалған жоқ[3].

Міне, сол Усама (р.а.) былай дейді:
«Бір күні Аллаһ расулымен бірге отырған едім. Сол күні ол Мәдинаның биік үйлерінің бірінің төбесіне шығып, айналаға барлай қарап тұрып, бір мезет:
«Дәл қазір үйлеріңнің арасына бүліктің нөсердей жауғанын көріп тұрмын»,– деді[4].

Осыдан көп ұзамай ол арамыздан кетті. Кетісімен, расында да көшелерде бүлік қаптап, селдей ағып жолын-дағысын жайпап жатты. Омар, Осман, Әлилер (р.анһум) – бәрі сол кезде қатты белең алған бүліктің құрбаны еді. Қайғы-қасырет әкелген бұл бүліктер де Пайғамбарға «айтқаның рас» дейтіндей...



[1] Бухари, Әдәб, 22; Мәжмау’з-Зәуә’ид, 9/286.
[2] Бухари, Әдәб, 22, Муснәд, 5/205.
[3] Бухари, Мәғази, 87.
[4] Бухари, Фәда’илу’л-Мәдина, 8; Муслим, Фитән, 9.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2022 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.