Қауіпсіздік пен байлық

Адии ибн Хатәм айтады. (Адии – Хатәм-и Тайдың  баласы. Христиан еді. Көп іздеп, Аллаһ елшісін тапты да, азат болды). Осы бақытты сахаба айтады:
«Бір күні Аллаһ елшісінің алдында кедейлік, жоқшылық, қарақшының жол торуы жөнінде сөз қозғалды.

Ол былай деді: «Бір күн келеді. Сол күні Хирадан Хадрамауытқа бір әйел жалғыз сапар шегеді. Жолда жабайы аңдардан өзге еш нәрседен қорықпайды»

Адии былай дейді: Бұларды тыңдағанда, қатты таңдандым. «Тай руының қарақшылары болса да ма?» дедім өз-өзіме. Пайғамбарымыз сөзін жалғастырды: «Бір күн келеді. Сол уақытта Шахтың қазыналары сендерге таратылады». Мен сонда: «Пайғамбарым! Иран шахының қазыналары ма?» – деп сұрадым. «Иә, Иран шахының қазыналары», – деді. Одан сайын қайран қалдым. Өйткені осы сөздерді айтқан заманда Иран ешкімге дес бермейтін ең бір мықты күйде еді. Пайғамбарымыз әңгімесін: «Бір заман туады. Ол күні адам қолына зекетін ұстап сыртқа шығып, көше аралап, зекетін беретін жан таба алмайды..», – деп түйіндейді.

«Мен, – дейді Адии, – Бұлардың алғашқы екеуін көрдім. Өмірім жетсе, үшіншісін де көремін»[1].
Адии үшіншісін көре алмады. Бірақ сол күнді көргендер де болды. Омар ибн Абдулазиз дәуірінде Аллаһ елшісінің айтқан ақиқаттары жүзеге асты. Қазіргі Түркиядай отыз өлкені қамтыған сол бір алып мемлекеттің жалпы кірісі артты. Дәулеті шалқыған елге айналып, бірде-бір жарлы адам қалмады. Шамасы, бүгін «Америка мен кейбір батыс елдеріндегі өмір стандарты сол дәуірмен салыстырғанда әлдеқайда төмен», – десек, сөзіміз артық болмас. Әрі қазіргі мемлекеттерде ешқандай теңдік жоқ. Бірі бай болып шалқыса, енді бірі көшенің қуыс-қуыстары мен қала сыртындағы лашықтарда жан сақтауда. Ол заманда мұндай теңсіздік мүлдем жоқ-ты[2].



[1] Бухари, Мәнақиб, 25.
[2] Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 9/225.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.