Рухтағы серпіліс (дегажман) және елес

Әрбір адамның өзіне де көрінбейтін, өзгеге де байқала бермейтін сыңары тақылеттес елес денесі болады. Ол мөлдір күйде тәннің ішіне орныққан. Мұны ғалымдар электр толқындары деп түсіндіруде. Мәселен, фотосуретке түсірілген жапырақтың суретінен оның айналасын көмкерген екінші бір жапырақты көрсеткен ғылыми тәжірибелердің бар екені рас. Дәл осы секілді саусақтарымыздың фотосуретінен өз саусағымызды көмкеріп тұрған екінші бір саусақты көре аламыз. Материалистер бұны энергия толқындары деп түсіндіріп бақса да, бұл біздің денемізде өмір сүретін елес тұлғамыздың бейнесі елес екені ғылыми негізде тұжырымдалған. Мұның энергия толқындары болуы мүмкін емес.

Елес дене – рухтың жамылғысы іспетті қызмет атқарады. Осы бір жаратылыс қажет сәтте біздің тәнімізді тастап шығып, ешбір кедергіге қарамастан бізден алыстай алады. Бұл – рухтың денені тастап шығуының көрінісі, яғни рухтың «дегажман» халі деп аталады. Мұнымен қоса елес дененің тәнге қайта оралатын жағдайы және бар. Мұны рухтың тәнге қайта қону күйі деп түсіндіреміз. Рухы кемелденген адамдарда осындай жағдайлар жиі-жиі кездесіп тұрады. Олар үшін рухының денесін тастап шығуы әдеттегі, үйреншікті жағдай секілді.

Әулиелер арасында «Абдал» (абзал) мәртебесіне жеткендердің бірқатары мұндай жағдайды жиі-жиі бастан өткереді. Осыған ұқсас оқиғалардың көптігі соншама – барлығын бірдей тізбелеп айтып шығу мүмкін де емес. Мәселен, бір адамның бір мезетте жиырма жерде көрінгені туралы нақты деректер бар. Нақшибәндия тариқати шейхтерінің соңғы буыны саналатын Азиз Әпенді бір уақытта, бір мезетте Хавранда да, Эдремитте де жұрт алдына шығатын. Мұндай жағдай бір емес, екі емес, талай рет қайталанған. Тағы бір әулие кісіні жұрт Тургутлы мен Салихлы қалаларында бір мезетте көрген.

Абдулхамид өмірінде ешқашан қажылыққа бармаған, бірақ жұрт оны жыл сайын қажылықта көреді екен. Міне, осындай жағдайлардың барлығында өзгелер әлгі адамдардың елес денесін көреді.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.