Діни тәрбиеде ғылыми жаңалықтарды кәдеге жарату

Физика, химия, астрономия, атом физикасы немесе осы секілді позитивті ғылымдарды оқып-үйрену барысында алған біліміне қарай балаларға Ислам ақиқаты-ның сенімдері қоса түсіндірілуі аса қажет. Материалист адамның материяны негізге алып, бүкіл нәрсені соған негіздеп үйрететіні секілді мүмин де барлық нәрсеге Аллаһ тағала, ақырет, Құран және иман мәселелеріне негіздеп баға беруі тиіс. Иә, материалистер батқан батпаққа, мүминдер гүл өсіруі тиіс, әрі бүкіл жағдаяттар мен құбылыстарды Аллаһтың бар екеніне дәлел ретінде қарап баға беруі тиіс.

Бала күн сайын бастауышта оқып жүрген кезінен жоғары оқу орнын бітіріп шыққанша позитивті ғылым-дармен қатар үйде де сол деңгейде діни білім алмаса, болашақта бұзылып кетуі даусыз. Баланың мектептен алған білімі мен тәрбиесі жақсы қадағаланып, кері пікірлеріне дереу тойтарыс беріліп, жөн-жосық көрсетіліп отырмаса, оқыған-тоқығандары күпірге жетелеуі мүмкін. Ал негізінде, ғылымның қай саласы болмасын, Аллаһтың бар екенін, бір екенін білдіретін ең айқын дәлелдерді қамтиды.

Иә, бала пәлсапаны оқимын деп, күдік пен күмәннің ықпалында кетпеу үшін ақыл, қисынға сүйеніп иләһи ілімдермен сусындамаса, кейін үлкен сергелдеңге ұшырауы ықтимал. Бұған қоса оның ақыл-ойға қатысты қанша білімі болса, оны ақыл, қисын әрі ашық дәлелдермен тағы да сонша қуаттап отыру аса маңызды.

Материалистердің ғаламдағы жүйені табиғатқа телуіне, яғни табиғаттың туындысы деп қарауына әрі бұл мәселеде пәлсапалық теориясымақтармен демагогия жасауына қарсы біз де жаратылыстағы құдіреттің және ғаламдағы жүйеден байқалатын заңдылықтардың астарын түсіндіріп, бұлардың барлығы да Аллаһтың басқаруында екенін болған санасына сіңіруіміз керек. Осылай еткенде ғана түрлі теориялардың балаға тигізер әсері мен күмәніне тосқауыл қоя аламыз.

Иә, ақылға қонымсыз, қисынсыз әрі қате мәлімет-терден гөрі біз оның жақсы мәліметтер алуын қамтама-сыз еткенде ғана бала сергелдеңге түспейді. Барлық нәрсе білімге байланысты. Надандық – діннің де, діндардың да ең үлкен дұшпаны. Олай болса, надандардың адамның көңіліне қонбайтын сандырағымен жас ұрпақтың санасын улауына қарсы мүминдер де Отанына, ұлтына, тамырына берік, дініне, діндарлығына, оқу-ғылымға көзі ашық, туып өскен Отанын, өткені мен бүгінін жақсы меңгерген ұрпақ өсіруі керек.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.