Құран кәрімді түсіндіріп таныту

Құран кәрімді жастарға түсіндіру діни сананың оянуы мен рухани сергектік тұрғысынан аса маңызды. «Құран кәрім қасиетті кітап» деп айта салу балаға жеткіліксіз. Мұндай сөз белгілі бір жасқа дейін, белгілі бір деңгейге жеткенге дейін айтылса да, кейін өсе келе Құранға қырын қарамауы үшін оның дәл солай айтылуы зиянды да, сондықтан адамзатқа түскен күнінен бері ешкім Құранға қарсы уәж айта алмаған. Бүгінгі ғылым мен технология шарықтаған дәуірде ғылым мен техниканың көмегімен Құран сырларының ашылып жатқаны, Аллаһтың кәламы екендігіне дәлел ретінде бала санасына сіңдірілуі тиіс.

Құран кәрім жаратылысқа қатысты көптеген мәліметтерді қамтиды. Құран кәрімнің тамаша кітап екені соншалық – ол «микро әлемнен макро әлемге дейін барлық жаратылысты құлшылық негізде түсіндіреді» деуге болады. «Білінбейтін небір қазыналар мен көрінбейтін ғайып әлемінің кілттері соның жанында. Оны ол Өзі ғана біледі. Құрлықтағы, теңіздегі құбылыстарды да біледі. Бір жапырақ түссе де, Аллаһ оны біледі. Жердің қараңғылықтарындағы кебу не жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар»[1] аяты да осы ақиқаттың көктегі куәсі.

[1] «Әнғам» сүресі, 59-аят
Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.