Отбасының маңыздылығы

Кез-келген қоғам немесе ел іргесінің берік болуы ер мен әйелдің өзара тілек қосып көтерген шаңырағынан, яғни отбасыдан басталады, сондықтан ең бірінші тәрбие отбасыдан басталуы тиіс. Сонда ғана тәрбие жұғымды, нәтижелі болмақ. Егер отбасында тәрбие болмаса, қоғамның алға басуы мүмкін емес. Адамды жетілдіруде тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге отбасы ошақ қасынан бастау алса жемісті болмақ.

Отбасында, жақсы тәрбие алған жан есейе келе алда-жалда қарсы соққан қатты дауылдарға ұрынып, жолдан таймаса, қоғамдық өмірдегі талай келеңсіздіктен көп әсерленбейді, жан дүниесін аман сақтайды. Иә, отбасындағы жетістік – қоғамдық өмірдегі жетістіктің алғашқы баспалдағы. Ал бұл өз кезегінде үйленіп, шаңырақ көтерудің беріктігі мен бекемдігіне байланысты.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.