Исламдық дәстүр

Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратқа толы ғұмырына үңілсек, оның Құран қағидаларын әрдайым іс жүзіне асырып отырғанының куәсі боламыз.

Бірде бір кісі жасап қойған (зинақорлық) күнәсына өкініш білдіріп, одан тазару үшін жазаның кез келген тү-ріне көнуге даяр екенін айтып Пайғамбарымыздың алдына келеді. Мәселенің мән-жайын ұққанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Үйіңе бар да, Аллаһтан жарылқау тіле. Аллаһтың кешірмейтін күнәсі жоқ» дейді.

Басқа бір хадисте бір адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзінше біреуді ұрлық жасады деп айыптайды. Сол ұрыны жазаламақ болғанда, айыптаушы кісі оны кешіреді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонда оған: «Неліктен сен оны әу баста кешірмедің?» дейді.
Осындай шынайы оқиғаларды негізге ала отырып, біз басқаларға өшпенділікпен, қастықпен қарайтындардың, ашу‑ызаларының арқасында мұсылмандарға, христиандарға, еврейлерге және өздерінен басқаның барлығы мен өздерінің дінсіздігін беттеріне салық қылып басатындарға деген өшпенділіктерінің арта түсуінің исламмен ешқандай байланысы жоқ екеніне көз жеткіземіз. Ислам - сабырлық пен сүйіспеншілік діні. Ал мұсылмандар болса сол сүйіспеншіліктің шырақшылары, әрі олар кез келген лаңкестік әрекеттен бойларын аулақ ұстап, алауыздық пен өшпенділіктің барлық түрінен өздерін тазартқан жандар.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.