Бірқалыптылық пен сабыр

Бірқалыптылық пен сабыр

Сұрақ: Күнделікті өмірімізде кей сәт ойымыз бұзылып, астамшылыққа немесе құлдырауға бармау үшін не істеу керек?

Жауап: Дін мен Аллаһ тағаланың мақсаты мен мұратына сай өмір сүру үшін тепе-теңдік пен сабырды ұстанудың маңызы орасан. Өйткені тепе-теңдік жоғалғанда кісі не астамшылыққа ұрынып, не болмаса құлазуы мүмкін. Негізінде осы екі кеселден сақтанудың жолы үмбетіне дәйім тура жолды көрсеткен ғаламның рақым нұры жолынан айнымай ұстану, сүннетін серік ету.

Сиратүл мұстақим

Исламның ойлау жүйесінде сиратүл мұстақим аталатын тура жол ұсынылғанда бүгінгі таңда мәселе негізінен құмарлық күшімен, құрғақ ақылдың адастыруымен түсіндірілуде және сол тура жол деп ұғынылуды. Алайда бәсекелестік, ниет, көзқарас пен пікір секілді ұғымдарды да осы тұрғыдан қарастыра аламыз. Басқаша айтар болсақ, адам табиғатындағы барша жаманды-жақсылы қасиеттерді бір ғана сиратүл мұстақим өлшемімен бағалай аламыз.

Мысалы, зат пен құбылыстардың мәнін оқи алу үшін пікір жүгіртетін болсақ, оптимизм астамшылықты, пессимизм құлазуды білдіреді. Өздеріңіз де білесіздер, оптимист деген тек қана жақсылықтарды көріп, жамандықтарға мән бермейтін кісі. Ал пессимист деген тек жамандықтарды ғана көріп, жақсылықтарға мойын бұрмайтын адам. Ал қара қылды қақ жарған, тек ақиқаттың жағындағы адамға келер болсақ, ол бар нәрсені өз бағасымен, шын қадірін айтатын адам. Барімізге мәлім сөз “Жақсы қылып көрген, жақсы етіп ойлайды. Жақсы ойда болған жан өмірінен ләззат алады”. Және де жақсы емес нәрселерге де шамасы келгенше жақсы ойда болып, жақсы дүниелерді күтуі керек. Алайда бұл өз қиялына беріліп, шындықтан ауытқу деген сөз емес. Тек шын бейнесін көре отырып, жаман нәрсені байқаса да үмітін өшірмеу. Міне, осыны «пікір тепе-теңдігі» дейміз.

Егер адам баласы тура жолды ұстанар болса, онда табиғатында сырттай жамандық болып көрінетін нәпсі секілді жаратылыстардың өзі кісіге пайдалы болады, әрине, тура жолды ұстанғанда ғана. Тіпті адамды азғыратын шайтанның өзі дұрыс пайымдай алған адам үшін адамды Аллаһқа жақындататын, көбірек оянуға сеп болатын қайырлы жаратылыс. Алайда, Құдай сақтасын, шайтанды бір құдіретті күш деп біліп, оны зұлымдық пен қатыгездіктің билеушісі деп білсеңіз, ол сізді оп-оңай тұзағына түсіріп, еркіңізді билей жөнеледі, сөйтіп адастырады. Осындай сенімдегілер тіпті жарық пен қараңғылықтың өзінше бөлек бір күш екеніне сенеді. Сөйтіп сол «күштерді» разы етеміз деп кісінің ойына кіріп-шықпайтын жамандықтарға барады. Солардың бірі сатанистер. Олар шайтанның зұлымдығынан қорғанамыз деп шайтанды разы етудің жолына түскен. Сол адамға қарсы тәсуилден (жаман нәрсені жақсы қылып көрсету) басқа ешқандай да қаруы жоқ бейшара мақұлықты, Құдай сақтасын, Жаратушыдай көріп, оны құдіретті күш иесі деп білу Құран мен сүннеттің дәстүріне қайшы, иманға томпақ. Бұл деген барып тұрған асыра сілтеушілік. Шайтан адамның ашық дұшпаны. Егер адам өзінің еркін билей алмай шайтанға ерсе, мәңгілік бақыт қолынан сусып шығып кетуі қиын емес.

Жетістіктің құрбандары

Құрдымға құлататын теріс қасиеттер мен жағдайларда адам баласының тепе-теңдікті сақтай алуы маңызды. Сол секілді позитив жағдайларда да сол орта жолдан айырылмағаны жөн. Яғни, кейбір теріс әрекеттерге негізделген сезімдерді қайырлы істерге өлшеммен қолдануы керек секілді, ғибадат пен ахлаққа қатысты жағдайларда да астамшылдық пен кемсітуден аулақ болып, сиратүл мұстақимді ұстану керек. Мысалы, кісі намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару, ораза ұстау, дұға ету, тәфәккүр мен зікірде де ең үздік жолды табуға тырысуы керек. Аллаһ тағала Құран кәрімде: “Амал етіңдер, жасағандарыңды Аллаһ тағала, пайғамбары және мүминдер де көреді.” (Тәуба сүресіi, 9/105) деп, кез келген амалды Аллаһқа, пайғамбарға, барша мүмин қауымға бағыштай отырып, ұялмайтындай көркем түрде орындау керек екенін айтады. Қысқаша айтсақ, ешқашан да «болдым-толдым» демей, кәмілдікке ұмтыла беру керек. Алда-жалда пенде қандай да бір дәрежеге жетіп жатса, ешқашан да мен істедім деп ойламауы керек. Жеткен жетістігі мен жеңісін өзінің нәпсісіне телімегені жөн. Өйткені нәтижені жаратушы жалғыз Аллаһ емес пе? Міне, осы тұрғыдан ғибадат пен амалды шалағай, атүсті орындауды тәфрит (нұқсандық) десек, ал шын беріліп орындағаннан кейін Аллаһтың берген дәрежесіне өзім жеттім деу ифрат (астамшылдық) болар еді. Қанша жерден басын тақуалықпен, ықыласпен бастағаннан кейін, уақыт өте келе атақ пен абыройға құмарту не болмаса осыған мен жеттім деп астамсу кеселдің басы болып табылады. Бұл адамды адастырып, тіпті шіркке түсуге де жол ашуы ғажап емес.

Олай болса, Аллаһ жолында белгілі бір жетістік пен жеңіске, дәрежеге жеткен адамға жарасары қарапайымдылық, кішіпейілдік пен тақуалық. Ондай адам қашанда: «мұның бәрі маған лайық емес, мына берілген нәрсенің бәрі маған берілетіндей ештеңе де істеген жоқпын» дейді. Кісі бір жағынан қолынан келгенінің бәрін шамасының жеткенінше өте көрнекті түрде жасап, екінші жағынан өзін есепке тартуды да ұмытпай, нәпсісіне барынша қатал болғаны абзал. Тіпті берілген жетістік пен дәрежені сыйлық емес, сынақ деп қабылдап, осы уайыммен әрқашан толқып жүруі керек.

Ақиқат нұрдың барша әлемді жарыққа бөлеген кезінде Әсуадул Әнс, Мүсәйләмәтүл Кәззаб секілді жалған пайғамбарлардың соңынан ерген адамдар да болған еді. Сол жалған пайғамбарлар кей қасиеттері мен артықшылықтарын өздерінен деп біліп, қабілеттеріне мастанып ақырында сол қабілеттерінің құрбаны болған еді. Олардың түбіне тәкәппарлық пен өзімшілдік жетті.

Өзімшілдік заманында Мәділердің қаптап кетуі

Әрине, мұндай адасу мен астамшылдықтар бір ғана дәуірге тән емес. Әр заманның өзіндік ұқсас жағдайлары бар. Бүгінгі таңда да аздап астамшылдыққа барып, шамалы бір дәрежеге жеткеннен кейін руханиятында тепе-теңдікті, сабырды жоғалтып, өзімшілдіктері оянған адамдар жоқ емес. Бұлар аз ғана істің себепкері бола салысымен өздеріне өздері көңілі толып, нәпсісінің менмендігіне бой алдырып алады. Осыдан болса керек, бүгінгі таңда Мәділер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Бүгінге дейін өзіміздің ішімізден шыққан бес-алты Мәді көрдім. Тіпті соның үшеуі менімен байланысқысы да келді. Тіпті, өткенде соның біреуі осында келді. Өзінің жиырма екіде екенін айтты. Одан кейін, «Мен өзімді небары Хүсейни деп білем. Соңғы уақыттардағы терең зерттеуімнен Хасани екенімді де байқадым» дейді. Мен оған қарапайымдылық пен кішіпейілдік жөнінде әлденелер айттым. Кішілерде кішіліктің белгісі болатынын, олар терезеден көріну үшін аяғының ұшына тұрып, басын қылтитып созылатынын, ал үлкендерде үлкендіктің белгісі болатынын, олар терезеден көріну үшін екі бүктелетінін айттым. Кетіп бара жатқанда айтқандарыма көнген, менімен келісетін сыңай байқатып еді, табалдырықтан аттап бара жатып: «Бұл жағдайда сізге ерік бермесе не істейсіз!» Алайда пайғамбарлықтан басқа адамдарға тәблиғ ету мәжбүрленбеген. Ондай дәреже жоқ. Бұған Ханафилік, Шафиғилік, Мәликилік, Ханбалилік кіретіні секілді Мәділік те кіреді. Мұндай ойдағы адамдарға әлдене түсіндіру өте қиын. Раббым Мәділікке ұрынған барша менмендік пен тәкаппарлық құрбандарын хидаятқа жеткізсін.

Сөз соңында мынаны айтайын, қарапайым, кішіпейіл, ықыласты әлдебір бөтен идеядан аулақ адамдардың өзі осы секілді идея мен сөз айтуы мүмкін екенін ұмытпау керек. Тіпті олар өздерінің өзімшілікдіктеріне еріп кеткендіктен әлденені айтып түсіндіру қиын болады. Мысалы, әлдекім: «Маған әлдебір жерден қолдау келеді» деуі мүмкін. Мұның бәрі шайтанның шаптан түртіп айтақтауы ғана.

Олай болса, Исламның керемет қанат жайып кеткен кезінде болса да, арасында қауіпті тікендердің болатынын ескеріп, қашанда сақ жүріп, ақырын жүріп анық басу керек. Адамды аздыратын, өздері де тәкаппарлықтан аузына келгенді айтатындар барлық кезде болады. Сондықтан осы тұзақтарға түспеу үшін хазірет Әбу Бәкір, хазірет Омарлардың парасаты үлгісінде оқиғалар мен жағдайларға баға беріп, солардың көзімен көру керек.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.