Уақыт хақында

Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ұқыпсыз әрі ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.

Уақыт – бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Ол шеңбер тәрізді түзу сызық та емес. Оның шыңдарымен қоса жел-құздары да бар. Шынайы уақыттың болмысы – Жаратушының өшіріп қайта жазатын тақтасы.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.