Тұғырлы тұлғалар

Адамдар арасында ұсақ әрекеттермен-ақ өз жағыңа шығарып алуға болатын пасық адамдардың болатыны іспетті, дүниенің бар байлығына сатылмайтын адамдар да баршылық. Қоғамды сүйрейтін де осы екінші топтағылар. Мұндай тұғырлы тұлғалардың ойы – жаңбырлы бұлт секілді әрдайым ұлы мақсаттар мен жақсылықтарға толы. Танылса да, танылмаса да, олардың жүріп өткен жерінен көк қаулап, айнала құлпырып сала береді...

Омар Мұхтар италияндықтарға: «Мен өлсем де, мәңгі бар боламын, бірақ сендердің істерің өлгеннен кейін бітеді», – деген. Мұсылман адам өмірін тым «қымбатқа» сатады: пәни өмірді мәңгілік өмірге айырбастайды. Бізді дүниемен мықтап байланыстыратын нәрсе – денсаулық, ол тез солып қалатын гүл сияқты. Гүл жайнап тұрған кезінде ғана қадірлі.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.