Нығмет және оның қадірін білу

Фетхуллаһ Гүлен: Нығмет және оның қадірін  білу

Аллаһ адамдарға сансыз нығмет берген. Бұлардың ең үлкендерінің бірі –  нығметтің қадірін білу нығметі.

Денсаулықты дені сау адамдардың үстіндегі атласқа теңесек, оның қадірін тек ауырғандар біледі...

Аллаһтың адамға берген ең үлкен нығметі – иман нығметі. Мұның шүкіршілігі – Оған қарсы келмеу.

Әр нығметке сол нығметтің түрімен шүкіршілік ету – нығмет қадірін білудің белгісі.

Көбінесе надан адамның бақытты әрі үлде мен бүлдеге оранып өмір сүруі, дана адамдардың жұпыны ғұмыр кешуі – бұл осы дүниедегі нығметтердің әркімнің қадір-қасиетіне қарай  емес, басқа мақсатпен берілетіндігінің дәлелі.

Заттың бағасын емес, қадірін білу маңызды.

Аллаһ Тағаланың рақымдылығы мен игілігі Оның ұлылығын танытады, ал шүкіршілікті адамдардың шамасына қарай талап етеді.

Ең үлкен қасірет – адамды Аллаһтан алшақтатқан нығмет.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.