Неке және отбасы

Адам тән құмарлығынан тоят алу үшін емес, шаңырақ көтеру, ұлт келешегін баянды ету, өз өмірін, ой-сезімін тәртіпке келтіру, тән құмарлығын тізгіндеу үшін үйленеді. Ал отбасы құру барысында алатын ләззатты адамның осындай жауапкершілікті мойнына алғаны үшін берілетін әрі оны алға сүйрейтін сый-сыяпат деп түсіну керек.     

Үйленетін адамдар бір-бірінің түр-әлпетіне, киім-кешегіне, тіпті байлығы мен сыртқы әдемілігіне қарап емес, осындай жауапты мәселеде болашақ жарының жан сұлулығына, ар-намысы мен тәрбиесіне, адамгершілігі мен парасатына қарап шешім қабылдауы керек.

Алдымен болашақ жарының қандай екенін толық біліп алмай тұрып, асығыстық жасап отау құрған ерлі-зайыптыларға ертең ажырасар кезде, отбасын сақтап қалу үшін қолға алған қандай да бір айла-амалдары пайдасын тигізбейді. Мәселе – жылы ұяда шыққан «өрттен» ең аз шығынмен құтылуда емес, отбасында өрт шығаруы мүмкін қандай да бір нәрсені үйдің маңайына да жолатпауда.

Танымаған адамға қыз беріп, жақсы танымайтын қыз-дарға да құда түспеген жөн. Әйтпесе, мұндай келісім не Аллаһ Тағаланың жақсы көрмеген ажырасумен аяқтала-ды немесе екі жақ үшін де өмір бойы орны толмайтын қайғы-қасіретке себепкер болады.

Алғашқы қадамның өзінде Хақ Тағалаға сиына отырып, қисынға сүйенген, өзінше мектеп ретінде қалыптасып, түлектерімен өзінің ұлтының болашағын, ұлылығын кепілдікке алған отбасылар бар.

Жан-жақты ойластырылмай құрылған отбасылар әрда-йым бір жақтың далада қалуымен, тастанды балалардың жетімдер үйінің кезекті тұрғындарына айналуымен және адамның жүрегін жаралаған қылмыстарымен ғана есте қалған.

Үйленудің жеке адамнан гөрі қоғам үшін  пайдасы көбі-рек. Сондықтан сәтсіз үйлену сияқты, отбасын құрмау да ұлттың болашағына балта шауып, жастарды масқара ететін нағыз апат.

О бастан негізі берік болып құрылған және материалдық-рухани жағынан төрт құбыласы түгел отбасы – ұлттың ең мықты іргетасы және абыройлы, ізгі ұрпақ өсірудің қасиетті мектебі. Үйін мектептер секілді нұрлы да, берекелі ортаға, білім ордасын да өз үйіндей көріп, сүйіспеншілік-тің ыстық ошағына айналдыра алған ұлттар ең кемел реформаны жүргізіп, сол арқылы келешек ұрпақтың бақытын қамтамасыз еткен ұлт болып саналады.

Халық отбасылардан құралады. Сондықтан, отбасы мықты, берекелі болса, халық та мықты, берекелі, олар әлсіз болса, халық та әлсіз һәм берекесі болмайды. Әттең, халықтың материалдық-рухани жағдайын түзеуге ұмтылатындар алдымен отбасы мәселесін қолға алса ғой!..

Отбасы бір шаңырақ астында өмір сүретін адамдардың парасат-пайымына қарай отбасы болып саналады. Отбасының әрбір тұрғыны сол отбасындағы адами құндылықтарды қаншалықты жоғары қоятынына қарай бақытты бола алады. Иә, адам отбасымен адам секілді өмір сүрсе, отбасы да өз адамдарымен «үй» болып саналады.

Бір шаңырақ – кішігірім халық, ал халық өз кезегінде үлкен бір отбасы. Үлкенді-кішілі қандай да бір отбасын мүлтіксіз басқарып, отбасы мүшелеріне адами құндылықтардың дәнін еге білген кісі аз талпыныспен одан да маңызды істерде жетістікке жете алады. 

Отбасы, ошақ қасында береке-бірліктің болмауына сол үйде тұратын адамдардың салақтығы, ауызбірлігінің жоқтығы, жігерсіздігі себеп болып жатады. Сол секілді қандай да бір елді-мекендегі қоғамдық орындар мен үйлердің, көшелердің ластығына, сұрықсыздығына жергілікті әкімшілік қызметкерлерінің өз ісіне жауапсыз қарауы себеп.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.