Күнәһар пенделер

Адам басқаларға өзінің жүрек «линзасы» арқылы жиі үңіледі. Егер адамның жүрегін күнәнің ыс-жалыны шалатын болса, осы ыс-жалын оған төңірегін бұлдыратып, бұрмалап көрсетеді. Оның өмірден түйгендері, сол көріп-түйгендері бойынша қабылдайтын шешімінде менмендік пен мейірімсіздік басым келеді. Шындығында, мұндай күйге душар болған бейбақтар өзінен және өзі сияқты адамдардан басқасының бәрін бұзылған, өлі жандар деп санайды, алайда өлікке айналған оның өзі екенін сезбейді.
Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.