Ауыз, тіс күтімі

«Кутуб ситта»[1] тегіс риуаят еткен әрі қырық сахабаның қолы бар «мутәуәтир» хадистерінде Аллаһ елшісі былай деген:
«Үмбетіме ауыр тиеді-ау демесем, әр намаздың алдында мисуәк[2] қолдануын әмір ететін едім»[3].

Ол үмбетіне ауыр тиетінін ойлап, жоғарыдағыдай әмір беруден тартынған. Егер міндеттегенде, мисуәк те дәрет секілді намаздың бір парызы болар еді. Алайда бұл дін негіздеріндегі жеңілдікке томпақ.

Осыдан барып мисуәк қолдану парыз болмаса да, бірақ маңызды сүннет екенін сақтап қалды.  Бұрынғылар бұл жа-йында том-том кітаптар жазып кеткен. Тіпті қазіргі ғалымдар да мисуәкті ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу үстінде.

Тісті саусақпен, тұзбен, тіс пастасымен де, т.б. тазалауға болады, әркім өзі қалағанымен тазалайды, оған ешкім ештеңе демейді. Бірақ мисуәктің өзіндік қасиеттерге ие екеніне көз жұмып қарауға болмайды.

Ал енді мынадай дінге көңіл аударыңыз, оның хабаршысы (Құрушы емес, діннің құрушысы – Аллаһ тағала. Пайғамбарымыз бар болғаны жеткізуші) күніне бес-он рет мисуәк қолданып, оны әдетке айналдыру керектігін айтқан. Демек, тіс тазалығына, тіс саулығына қатысты жайттарды дін баяғыда-ақ талқылап, бүгінгі ғылымнан әлдеқайда озып кеткенін көреміз. Халықты былай қойғанда, тіс дәрігерлерінің өзі күніне бес уақыт тістерін тазалап тұрады деп ойламаймын. Пайғамбарымызға келсек, ол ең аз дегенде күніне тісін бес рет тазалайтын. Түнде бірнеше рет тұрып намаз оқып, намаз алдында мисуәк қолданатын еді[4]. Таң, күншығыс және сәске, бесін, намаздыгер, намазшам, құптан намаздарында, әрі намазға тұрар алдында һәм дәрет алған кезде үнемі мисуәк қолданып, тамақтанған соң да тістерін тазалайтын. Мұның бәрін санамалайтын болсақ, Аллаһ елшісінің  күніне бес-оннан да көп мисуәк қолданып, тістерін тазалағанына куә боламыз.



[1] Ең сенімді іргелі еңбектер қатарына жататын әйгілі алты хадис кітабы жинағы
[2] Мисуәк; Тіс тазалау үшін қолданатын хош иісті сексеуілге ұқсас жеміс салмайтын ағаш. Тіс, асқазан, т.б. үшін аса пайдалы (ауд).
[3] Бухари, Жум’а, 8; Муслим, Тахара, 42; Әбу Дәууд, Тахара, 25; Тирмизи, Тахара, 18; Нәса’и, Тахара, 6; Ибн Мәжә Тахара, 7; Муснәд, 1/80.
[4] Бухари, Уду’ 73; Муслим, Тахара, 46,47.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.