4. Ақыретке сенімінің тереңдігі

Бір сахаба үйінде Құран оқып отырғанда, дауысы тыстағыларға естіледі. Сүренің «Расында, Бізде (олар үшін дайындалған) бұғаулар мен тозақ бар. Жеген кезде кеңірдегінде кептеліп қалып қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар» (Мүззәмміл, 73:12-13) аяты оқылғанда, сол жерден Аллаһ елшісі өтіп бара жатқан. Бірден түрі бұзылып сала берді де, тізерлеп жерге отыра кетті. Аяттар оған бейне бір өзін сілкілеп жатқандай әсер етті[1].

Негізінде, ақыретін уайымдамайтын бір адам болса, соның нақ өзі – Аллаһ елшісі. Бірақ, ол бізге әдептілік пен тәлім-тәрбие беріп, Аллаһ тағаланың алдында қандай болуымыздың керектігін үйретіп кетті.



[1] Кәнзул-Уммәл, 7/206.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.