Сенімділік (әмин) сыры

Пайғамбарларға тән екінші сипат – аманат (сенімділік). «Аманат» – араб сөзі, «иман» сөзі екеуі бір түбірден шыққан. «Му’мин» – (момын, мұсылман) сенген, сенімділік танытқан адам дегенді білдіреді.  Му’миндік пен сенімділік көрсетуде де пайғамбарларға жететін ешкім жоқ.

 Пайғамбарлардың осы сипаттары көптеген аяттарда сөз болады: «Нұхтың елі де пайғамбарларды жалғанға шығарды. Сол кезде олардың туысы Нұх: (Аллаһқа қарсы шығудан) «Қорықпайсыңдар ма?» – деді. «Рас, мен сендерге сенімді елшімін. Аллаһтан қорқып, маған бағыныңдар» (Шұғара, 26/105-108).

Нұх еліне: «Әлі де қорқып сақтанбайсыңдар ма? Мен сенімділік ұялатқан, барлық жағынан сенімнен шығуы тиіс, жан атаулыға қиянаты жоқ елшімін»,-дейді. Аятта пайғамбардың сөзімен пайғамбарлықтың  «сенімділік» сипаты көрсетілген.

Сол секілді: «Ад елі де елшілерді жалғанға шығарды. Сол кезде оларға туыстары Һуд: (Аллаһқа қарсы шығудан) «Қорықпайсыңдар ма?» – деді. «Рас, мен сендерге сенімді елшімін» (Шұғара, 26/123-125).

Және: «Сәмуд елі де пайғамбарларды жалғанға шығарды. Сол кезде туыстары Салих: (Аллаһқа қарсы шығудан) «Қорықпайсыңдар ма?» – деді. «Рас, мен сендерге сенімді елшімін» (Шұғара, 26/141-143).

Сол секілді: «Лұт елі де пайғамбарларды жалғанға шығарды. Сол кезде туыстары Лұт: (Аллаһқа қарсы шығудан) «Қорықпайсыңдар ма?» – деді. «Рас, мен сендерге сенімді елшімін» (Шұғара 26/160-162).

Құранда сенімділік пен аманат жайында айтылған бұдан басқа да көптеген аяттар бар.

«Му’мин» – Аллаһ есімдерінің бірі. Әрі Оған иман еткендердің де аса маңызды есімі. Аллаһқа неге Му’мин дейді? Өйткені Ол – сенім мен үміт қайнары. Сенімді берген де Өзі. Бізге үнемі Хақтан сенім нұры құйылып жатады. Пайғамбарларды сенімділік сипаттарымен таңдаған да Сол. Сенімділік, сенім, аманат пен иман бізді пайғамбарлармен, пайғамбарларды Аллаһпен жалғастырады. Соңында осы ақиқаттар бізді Жаратушы мен жаратылғандардың мәңгілік байланысына апарады. Барлық мағына аманат (сенімділік) сөзінің түбірінен шыққан. Оның мәнін ұғынудың маңызы зор.

Пайғамбарлар мен соңғы Нәбидің ең маңызды сипаты – сенімділік (аманат).

Жәбірейіл-Әминнің де ең маңызды сипаты – осы.

Құран: «Періштелер оған бағынған, сенімді бір елші»  – дейді (Тәкуир, 81/21).

Иә, Жәбірейіл – Аллаһқа қалтқысыз мойынсұнған әрі міндетін мінсіз іске асырған сенімді елші. Құран да бізге осы сенімділік қайнарынан келген. Аллаһ – «Му’мин». Оның сөзі – сенімділік нұрын шашқан мәңгілік баян. Құран Аллаһтың сенімді Жәбірейіл арқылы бізге келген. Құран сенім Пайғамбарының сенімділігіне лайық қасиетті үмбетіне түскен.

Құран Кәрімнен әркім өз дәрежесіне қарай нәр алған. Жәбірейіл де солардың бірі еді.

Бір күні ол Аллаһ елшісіне келіп: «Аллаһ Құранында мен үшін «Әмин» (сенімді) деп айтқанға дейін, ақырымның не боларын білмей қатты уайымдаушы едім. Осы сөзден кейін көңлім тыншып, тұла бойым түгел сенімге толып ақтарылды…»[1], – деп ішкі сырын паш етеді.



[1] Қады Ияз, әш-Шифа, 1/17

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.