Жүз жылдық ақиқат

Пайғамбарымыз бірде Абдуллаһ ибн Бусрдың басына мүбәрак қолдарын қойып: «Бұл бала дәл бір ғасыр жасайды», – деген соң: «Жүзіндегі мына сүйкімсіз сүйелдер де кетеді», – деді.

Сахабалар: «Ол кісі дәл жүз жыл өмір сүрді. Жүзіндегі  сүйелдер де жоғалып кетті», – деп, кейін оның сөзін расқа шығарды[1].
Аллаһ елшісі «Сен үшін соңғысы алдыңғысына қарағанда әлдеқайда жақсырақ» сыры бойынша[2] әр сәт сайын шыңнан шыңға көтеріліп, үнемі бұрынғы биігін жаңа шыққан шыңынан төмен көріп, сол үшін күнде жүз рет «истиғфар» (Аллаһтан кешірім сұрау) еткені секілді[3] күн өткен сайын үмбеті де оны терең танып, болашаққа тиісті айтқан хабарларының жүзеге асқанын көрген сайын имандары күшейіп: Оған: «Сен – Аллаһтың елшісісің», – деуде.



[1] Мәжмау’з-Зәуә’ид, 9/404-405; Хаким, Мустәдрак, 4/500.
[2] Духа, 93/4.
[3] Қараңыз: Муслим, Зикр, 42, Муснәд, 4/211.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.