7. Хансаның қаһармандығы

Ханса бауыры өлген кезде жоқтау айтып, естігеннің сай-сүйегін сырқыратқан болатын. Бұл – оның әлі қараңғылықтан шықпаған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаны (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тани алмаған және Құранның тіл жетпес ғажайып сөздеріне құлақ салмаған кезі. Сол бір алып тұлғалы әйел Құранды таныған кезде, бірден өзгеріп сала берді.

згергенде қандай! Бауырына жоқтау айтып, жыр жазған осы ұлы рухтың Қадисияда төрт ұлы бірдей шейіт болады. Естіген асқақ аналардың жүректерін қақ айырып, ана болып, еңіреп көз жасын төгеді. Бірақ ол сөйте тұра, терең мойынсұнушылықпен Хақ тағалаға тағзым етіп: «Аллаһым, Саған хамд, мадақ, сансыз шүкір!. Маған берген төрт ұлымды көзі тірімде Саған бағыштауды маған нәсіп еттің!» – дейді[1]. Міне, хазірет Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбардың адамдарды өзгертуі. Һәм оның істерінің мұғжизалық ерекшелігіне назар салыңыз! Бұл нағыз оның қараңғылықтан жарық, зұлматтан нұр шығаруы емес пе? Тағы да қайталап өтейін. Адамдарды аяқ астынан өзгерткен бұл ерекшелік мұғжиза емей не енді?


[1] Ибн Әсир, Усдул-Ғәбә, 7/88-90; Ибн Хәжәр, әл-Исәбә, 4/287,288.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.