Евфраттағы қазына

Ғайып Иесінің хабаршысы былай дейді:
«Евфрат суы тартылуға жақын қалды, тартылған кезде, алтыннан тау шығады. Кім сол жерде болса, еш нәрсе алмасын»[1].
Бүгінге дейін Евфрат басында көптеген адам қырғынға ұшырады. Кешегі тарихтан тартсақ, Евфратқа жақын жерде Ирак пен Иран қырғыны болып өтті. Бірақ жоғарыдағы хадистен осы екі оқиғаны өрбіту сәйкес келе қоймайды. Керісінше, одан кейін болуы ықтимал оқиғаларға белгі іздеу дұрыс па деймін. Мысалы: Евфраттың суы алтындай бағалы дәуірге ауыспалы мағына ретінде ишарат етумен қатар, жасалатын бөгеттен келетін табыстарды да «алтын» сөзімен айтқан болуы мүмкін. Сонымен қоса, Евфраттың суы түгелдей тартылып, астында аса мол алтын қазынасы, яки мұнай кенінің табылатынын меңзеуі де ғажап емес. Топырақтың шөгуі нәтижесінде осындай кеннің де табылуы мүмкін. Бірақ қандай нәрсе, не зат болса да, сол аймақтың Ислам әлемінің бірлігіне динамиттей аса қауіпті екендігін білдіргенінде күмән жоқ. Бұлар бүгін болатын нәрселер емес, келешекте орын алатын оқиғалар...
Сол күндерді көрген адамдар Аллаһ елшісіне тағы бір мәрте шын жүректерімен «дұрыс айттың» деп, имандарын жаңалайды...

 


[1] Бухари, Фитән, 24; Муслим, Фитән, 30; Әбу Дәууд Мәлахим, 12-13.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.