Жастар

Жастар – күш-қуат және парасаттың бүршігі. Жақсы тәрбиеленіп, бағыты дұрыс көрсетілгеннің арқасында қиындықтарды жеңген Геракл сияқты жүректерге жарық беріп, әлемде тәртіп орнататын күшке айналады.

Қоғам хрусталь ваза болса, жастар соның ішіндегі су секілді. Су вазаның түсі мен пішініне сай қалыпқа енеді, сондықтан жастарды тәртіпке шақыратын кейбір «тәртіп сақшылары» алдымен өздеріне сын көзбен қараса дұрыс болар еді.

Адамның әуестігін тудыратын нендей нәрсе, не зат болсын тым тәтті, ізгілік аздап қышқыл және тұзды тағам іспетті. Жастарға бұлардың бірін таңдауға ерік берілсе, қайсысын таңдайтынын айтудың қажеті бар ма..? Алайда оларды ізгілікке құштар, зұлымдыққа жаны қас етіп тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.

Жастарға тәрбие арқылы қол ұшын бермейінше, өскен ортасының, қызық-құмарлықтың болмашы сәулесіне алданып, отқа ұмтылған жынды көбелек сияқты, ғылым, парасат және қисынның ауылынан тым алыс қала бермек. Жастарды өз ұлтының тарихымен тәрбиелесек, олар келешекте «Омарларға» (Әділеттіліктің символы болған 2-халифа Омар ибн Хаттаб) айналады.

Қандай да бір ұлттың өркендеуі мен құлдырауы жас буынының рухы мен санасына, алған тәлім-тәрбиесіне байланысты. Жастардың тәрбиесін дұрыс жолға қойған қоғам дамуға бейім болса, олардың тәрбиесіне мән бермеген ұлттардың құлдырауы заңдылық.

Бір ұлттың болашағына болжам жасағысы келгендер сол ұлт жастарының тәрбиесіне қарасын. Жорамалдары айна-қатесіз тура шығады.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.