• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Muslim World
  • Исламның саясатта аты дүрілдеп тұрған бір кезеңінде Ислам-саясат карым-қатнастарына қандай баға бересіз?

Исламның саясатта аты дүрілдеп тұрған бір кезеңінде Ислам-саясат карым-қатнастарына қандай баға бересіз?

Басқа мәселелердегідей жаңылмасам дін және саясат қарым-қатнастарында да адамдар бір шектен екінші шекке шығады: қайсыбіреулер Ислам дінінің саясатқа ешқандай қатысы жоқ десе, енді біреулер оның көптеген ерекше және құнды тұстарын елемеген болып діни саясат ретінде қолданады. Құран-и Кәрімде билік және саясатқа қатысты көптеген аят бар болғаны сияқты, бұл тақырыпта Пайғамбарымыздың іс-әрекеттері де маңызды орын алады. Құранда орын алатын "Қасиетті бұйрықтар". "Қасиетті бұйрықтарға бағыну", "ақыл сұрау", "соғыс-бейбітшілік" сияқты ұғымдар, діннің саясат пен заңға қатысының бар екенін паш етеді. Бұған қоса Құранда құқықтық қоғамдар мен билік және саясатқа қатысты аяттар да бар.

Дегенмен, Исламда не билікті, не саясатты берік иман және шынайы дін-дарлықтағыдай бір ғана үлгіге (парадигмаға) айналдыру мүмкін емес. Тарих бізге, Ислам әлемінде Пайғамбарымыз заманынан бергі сайлау және бұл сайлауда талап етілетін әділдік туралы мәселелер шеттетілетін болса, көптеген мемлекеттердің пайда болғанын көрсетеді. Олардың арасында жалпы ерекше айырмашылықтар көрінбесе де жеке алғанда айырмашылықтардың көптігі сонша, бұл мәселенің негізгі ұтқыр ойын ұғына алмағандар биліктің осы түрлерінің әрбіреуін бөлек бір жүйе сияқты көруі мүмкін және оны көрді де. Бұл айырмашылықтар діннің түсінуге икемді тұстарына және көзқарас салаларына байланысты.

Осы мәселеге байланысты ақылға қонымды баға беру және оң нәтижелерге қол жеткізу үшін діннің негізгі қайнар бастауы — Кітап пен Сүннетке жүгіну басшылыққа алынуы керек. Сонымен қатар, тарихи тәжірибелердің де осы мәселеде маңызды орын алатындарына күмән жоқ.

Саясат — дін қарым-қатынасының аясы...
Құран-и Кәрімде Аллаһқа құлшылық ету міндеттерін анықтайтын, мазмұн жағынан табынуды мәлімдейтін аяттармен қоса, адамның басқа адамдармен қарым-қатнастарын реттейтін аяттар да бар. Екі мәселеге де қатысты бұйрық пен ұсыныстардың бір ғана бастауы бар, ол — Аллаһ. Құдіретті Жаратушынын алдында міндет пен жауапкершіліктерімізді реттейтін дәлел аяттар Пайғамбарымыз және Сахабаларының түсініп мойынсұнған түрінде түпнұсқасы ретінде сақтаған және сақталып келеді. Екінші деңгейдегі Құдаи бұйрық пен пайғамбарлық баяндаулар болса адамның әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдени өміріне қатысты бірнеше негіздерге ден қояды. Сонымен катар баяндау барысында немесе өз қорытындысымен сол мәселелердің көптеген даналығынан, береке және пайдаларынан белгі береді. Мысалы, Құранның әділет, Құдайға бағыну, жалған сөйлемеу, қайырымды және мейірімді болу, әрбір ісін ақылдасып істеу, адал өмір сүру, ешкімді алдамау сияқты мәселелері осы деңгейге мысал болады.

Адамдық қатынастарға қатысты осы аяттар, пайымдап, дұрыс оқылған жағдайда мұсылмандардың келешекте бетпе-бет келетін осыған ұқсас мәселелерінің шешімін табуы үшін мамандарына аздап шет жағасын білдіреді. Жорамалшы және Бас имамдар, белгілі мөлшерде сараптама жасап, түсіндірулері үшін, осы деңгейді ұсыныс нысанасы ретінде алады.

Құран-и Кәрімде және Сүннет-и Саһиһада адам тәжірибесі тұрғысынан түп-төркіні уақыт өте келе анықталатын көптеген мәселе бар. Нақты уақытқа тәуелді сияқты осы мәселелерге қатысты нақты бұйрық пен ұсыныс жоқ. Осыған байланысты саясат, мемлекет, қоғам билігі сияқты мәселелерде шереф-нүзуль және шереф-судур сияқты мазмұнды бұйрық пен ұсыныстар әртүрлі жолдармен түсіндірілгені үшін, тарих барысында әртүрлі нақыш және пішіндер пайда болған. Қаласаңыз мұны маңызды бір түсіндіруші ретінде көріп, соған жүктелгенімен байланыстырасыз; қаласаңыз оқырмандарына ''Ханефийе-и Семһа" мен келген осы діннің ауқымдылығымен байланыстырасыз. Иә, Құран оқырмандары арасында ең наданнан ең мәдениеттіге шейін, өте аз дамыған қауымдардан ең жетілген ұлттарға шейін, бірнеше қарақұрым көпшіліктен керемет ұйымдаса алған белгілі қоғамдарға шейін алуан — түрлі адамдар бар. Ол бұлардың бәріне көзқарас пен баға беру, тіпті өмір сүру шарттарын назарға алып тіл қатады. Адамның Аллаһ Тағаламен қарым-қатынасында, мазмұндық жағынан қалап, қолға алған мәселенің нақтылығы мен анықтауының уақыт еншісіне тасталғанын, ал адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарын қамтитын бөліміңде нақтылық пен сенімділік туралы мықты дәлелдердің ерекшеліктерін баса көрсеткен.

Осыған қатысты бірнеше азғындаған топтардың түсіндірмелерін қоспағанда, бірінші бөлімге қатысты пікірлер ылғи да бір жерден шығады. Ал екінші бөлімде шарттарға, уақытқа, жалпы әлемдік ахуалға қатысты едәуір көп әртүрлі түсіндірмелер пайда болған. Әрине, бұл айырмашылықтар заң шығару және орындау мекемелеріне де жеткен.

Осылардың бәріне қарамастан, Құранда тікелей және бірінші дәрежеде ашық саясаттық Исламның, негізгі элементтерінің бірі екені және мықтылығы өлшемінде діннің қызығушылық саласына кіргеніне қатысты мін тағу дұрыс болмаса керек. Құранда орын алатын бірнеше үкімдердің саясат, мемлекет құрылымы және басқару формаларына қатысы, сонымен қатар қызығушылық танытқан адамның немесе адамдардың көзқарас деңгейлері, Ислами шабыты, тарихи тәжірибелерді ғана назарға алғандары және Ислам қоғамы мәселелерінін саясат және билік жолымен еш кедергісіз шешіле алар еді деген түсінікпен әрекет етулері осы жаңсак пікірлерге жол ашқан болса керек. Осы пікірлердің бәрінің өзінше бір мағына беретіні хақ; алайда ақиқат тек қана осы ыңғайлармен шектелмейді.

Асылында адам, қоғамдық қарым-қатынастарды, отбасы және әлеуметтің де келісімін реттегенде билік пен басқарудың ықпалын жоққа шығара алмаса да, қайткенмен бұлар Құран құндылықтары желісінің ішінде екінші деңгейде қалады. Өйткені, "үммүхат"? деп аталатын иман, Ислам, қайырымдылық және Құдаи ахлақтың қоғам тарапынан меншіктенгені сияқты мәселелер әрі ұсыныстық әрі әкімшілдік, экономикалық, саяси мәселелердің негізгі мәні болып табылады. Осыған сүйене отырып, Құраңдағы Жаратушы бұйрықтарының түңғыш аудармасы, құпия және шаһадат әлемдерінің түсіндірмелері, жер мен көкте пайда болып, таралатын Құдаи атаулардың түсініктемесі, Ислам әлемінің мың сан мәселелері мен қиыншылықтарының жазылғаны, осы және арғы дүние рахатының жалғыз анықтамасы, ахирет жолаушыларының осы жер мен арғы жақка катысты алдамайтын дәлелі және адам баласының сарқылмайтын берекелі даналық бұлағы бола тұра, оны саяси пікірлерге материал ретінде қарастыру немесе оған мемлекет формалары және саясат теориясы туралы кітап ретінде қарау Қасиетті Кітабымызды құрметтемеушілік болғаны сияқты, сол берекелі бұлақтың басқа тереңдіктерінен пайдалануға да кедергі.

Тек қана Құран-и Мүбин, рухтарда жаратқан кеңістік және тереңдікпен, оқыған саясат адамдарына шабыт беру және солардың делдалдығымен саясатты құмар немесе шахмат ойыны болудан құтқаруға шамасы жетеді.

Ислам әлемінде ұзақ уақыттан бері ижтиһат мәселесі пікірталас тудыруда. Біреулер ижтиһатқа жол берілмейді деп санағандықтан, бұл ақыл-ой тоқырауына жол ашты. Ижтиһат әдістемесі қандай белгілер аясында қолданыла алады?
Қиын да машақатты бір жұмысты орыңдау үшін, бүкіл күш пен тағаттың қолданылуы мағынасына саятын ижтиһат, терминологияда шариғат үкімдерінің ұсынған дәлелдерінен нәтиже шығаруда барша құдіретін паш ету мағынасындағы бір сөз ретінде түсіндіріледі. Ижтиһат еткенге "мүжтаһит", ал ижтиһат етілген бұйрыққа ''мүжтеһедүн фиһ" делінеді.

Негізінде ижтиһаттың екі шарты бар. Біріншісі, бұйрықка қатысы бар шариғат дәлелдерінін түгелін білу; ал екіншісі, ижтиһаттың сол дәлелдерге ақыл және діндарлық түйсігімен мойынсұнатын білгірден шығып, көздеген нысанасына дөп тиюі. Осыған байланысты білгірден шыққан және нысанасына дөп келген ижтиһат кұнды. Керісінше болса, бағаланбайды.
Әсіресе, кейбіреулердің ойлағанындай, ижтиһат – тек салыстырудан ғана тұрмайды. Ол салыстыру арқылы пайда болатыны сияқты шариғат қағидаларының дәлелдерінен, тұспал және ишараттарынан, Кітап пен Сүннеттің қасиетті сөздерінен нәтиже шығара алады.

Ең соңғы және дүниежүзілік дін болып табылатын – Ислам, қилы заман кезеңдерінде және әртүрлі жерлерде ғүмыр кешкен адамзаттың кездесіп отыратын қиындықтарына шешім таба алуы үшін Кітап пен Сүннеттің шектеулі мәтіндерінен шексіз мәселелерге қол созудың өзгеше бір атауы. Пайғамбарымыз заманында басталып, хижри III және ІV ғасырларда ерекшеленген осы қайырымды іс - ижтиһат - пікір, болжам, салыстыру, нәтиже шығару атауларымен тоқтаусыз атқарылып отырған, динамиқалык жүйе күйінде Исламның жағдайына қарай тоқтаусыз әрекетке түсіп, өте берекелі болған.

Қасиетсіздерге жол берілмеуі тиіс
Ислам әлеміне тән аса құнды және таңғажайып теңдессіз осынау құқық мәдениеті, бір жағынан осы қарқынды жүйенің өмірден ішінара болса да шеттетілгені, ал екінші жағынан сол бұрынғының жігерлі саналыларының, рақымшылыққа бейім кеңпейіл рухтардың, Құран мен Сүннеттің сырларына қанық түрлі пікірлердің оның бірнеше түсіне алмаған түсінігі таяз, Қүран мен Сүннет білімі жағынан қара жаяу, шабыттан жұрдай лайықсыздар басқан соң ижтиһаттың сол берекелі қызметі еліктеуге, жаттауға және үлгі етуге ғана жарамды болып қалды.

Осы мәселеде, саяси қысым, ішкі қақтығыстар, кейбір жалған және азғын ағымдардың мәселені бағытынан жаңылдыруы, бұрынғылардан мұраға қалған сол берекелі мирасқа сеніп, "артығының кажеті жоқ" делінуі, қолда бар тәртіп пен үйлесімділіктің адамдарды соқыр етуі, азғын ағымдарға қарсы қолданылған шаралардың күйде шебер және қабілетті мүминдерге де қолданылғаны алдымен ижтиһат рухының жоғалуына, ал сонан соң, жол берілмеуіне себеп болған. Асылында ол жолды ешкім кеспеді, дінді еріккеннің ермегіне айналдырғандарға мүмкіндік бермеуге және қасиетсіздердің ермектерін тыю үшін бірнеше әділетшіл білгірлердің сол жөнінде шағын ғана тілектері болса да, сол жол қасиетсіздерге өз-өзінен жабылды. Ижтиһат ететін қасиетке ие адам тәрбиеленбейінше, ижтиһатқа қарсы шыққандармен келіспеу де мүмкін емес.

Бүгін адамдар биік тұрғыдан тек осы дүние тіршілігін ғана ойлайды. Ақыл ой мен жүректер едәуір солғын тартқан, түйсіктер руханилықты қабылдамайды, дін мен диянат бұрынғыша адамдардың алдыңғы мәселесі болудан қалған, "болса да болады, болмаса да» деген сияқты. Адамдар мейлінше жүгенсіз, ал діннің қажеттілігі болса аяқ астында. Қасиетті иман мен Исламға күмәнмен қарайтын болды. Дін ойсырап, иман қансырап тұр. Көпшілік Ислам аясында өмір сүруге құлықтанытпайшы. Міне, осындай бірахуалда сіз олжолды ашсаңыз да, мұны бағалап, сол динамиканы қолданатын біреулердің шығатыны неғайбыл.
Алайда осының бәріне қарамастан Ислам әлемінде осы кездері дін және диянатқа қатысты көзге түсетін жандану, иншааллаһ, таяу болашақта білімі және қасиеті барлардың осы жолды ашуымен мәреге жетер деген үміттеміз.

Уақыты келгенде сол кеңпейіл рух пен саналылар, үлкен жауапкершілік сезімімен өз араларында әртүрлі білім салаларында маманданғандардан ижтиһат комиссияларын, Дін кеңестерін ұйымдастырып, сол бостықты толтыратындарына сеніміміз кәміл.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.