Индонезия билігі тағы да 100 түрік лицейін ашуды сұрап отыр

Индонезия билігі тағы да 100 түрік лицейін ашуды сұрап отыр

Тынық мұхиты елдерін (PASIAD) дамыту мақсатында жұмыс жасайтын әлеуметтік-экономикалық қауымдастық басшылығының қарамағындағы мектептер Индонезия оқу жүйесінің жауһары саналады.

Оқушыларының жалпы саны 5 мың болатын 10 түрлі мектепті қадағалап басқарып отырған ұйым осыдан он жыл бұрын құрылған. Ол жердің түлектері әрдайым жоғары баға алып мадақталуда.

Индонезияда өтетін мектепаралық олимпиадаларда жүлделі орындардың 20 пайызын Индонезия елін халықаралық ғылыми олимпиадаларда танытып жүрген түрік лицейлерінің оқушылары алған.

PASIAD-тың ресми өкілі Мұстафа Демир «Бұрынғы білім министрі Бамбанг Супидьио PASIAD-ты сауаты жоғары мектеп деп мақтады» деп хабарлайды. Оған қоса, Индонезия билігі Түркиядағы Саманиолы мектептерін аралап, анологиялық стандарттар қабылдағысы келетіндерін жеткізді.

ПАСИЯД-тың жіберген ұсынысымен жаңа мектептер салу жұмысы жалғасуда. Индонезиядағы Білім министрлігі тағы да 100 түрік лицейінің ашылуын сұрап отыр.

«Бізде 5 аймақпен кездесу жоспарланған, алайда осыншалықты аумақты бірден меңгеріп кету оңайға соқпай тұр» – деді Демир.

ПАСИЯД ұйымы 1995 жылы құрылып, 5000 оқушыдан тұратын әртүрлі мектептер оның қарамағында жұмыс жасап келеді.

Зафер Озджан, Джакарто, ВGNNews

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.