Алматыда Гүлен

Алматыда Гүлен

Жуырда Алматы мен Астанада белгілі дінтанушы, ойшыл Фетхуллаһ Гүленнің қайраткерлігі мен шығармашылығы жөнінде жазылған бірнеше кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Оған елімізге белгілі жазушылар, философтар және өзге де қоғам қайраткерлерімен қатар, Әділ Ахметов, Ермұхамет Омаров, Нұрлан Өнербаев, Ғарифолла Есім, Амангелді Айталы қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Олардың ішінде Фетхуллаһ Гулен шәкірттерінің бірі, түркі халықтарына кеңінен танымал ақын-жазушы, ДА Платформасы төрағасының орынбасары Харун Токак мырза да болды. Алқалы жиынға қатысқан Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин көрнекті ойшыл Фетхуллаһ Гүленнің ізгілік жолы соңғы он немесе елу жыл емес сонау Анарыс кезінен бастау алғанын тілге тиек ете кетті. Н.Оразалиннің айтуынша, Қазақстан Жазушылар одағында бұған дейін де Ф.Гүленнің Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) жайлы жазған еңбегінің тұсаукесерінің өткенін, енді міне, тағы бір тың шығарма «Баян» кітабының тұсаукесері өтіп жатқанын атап өтті. Ал Фетхуллаһ Гүленнің шәкірті Харун Токак өз сөзінде: «Біз кейде түрлі соғыстарда ерлікпен қаза тапқандарды ғана әспеттеп, оларға ескерткіш орнатып жатамыз. Ал бейбіт өмір сүруге тікелей ықпал етушілерді дәл осы дәрежеде құрметтемейтініміз өкінішті-ақ», – деді. Ф.Гүлен жер бетіндегі әділетсіздік пен әлімжеттіктерге қарсы әр түрлі қорлар құрып, халықгы білім-ғылымға үндейді. Бүгінде элемнің 110-нан аса мемлекетінде білім ордалары ашылып, жас ұрпаққа білім берумен қатар, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.

Ақын Мұхтар Шахановтың ойынша, Фетхуллаһ Гүлен – түрік халықтарының ортақ мақтанышы. «Кезінде белгілі жазушы Сахаровпен сырлас болдым. Сонда ол біздегі идеологияның жоқгығын, тоқырауға түсетінімізді айтатын. Міне, осындай бүгінгі әлемдегі келеңсіздікті жоюдың жолдарын көрсетіп отырған Фетхуллаһ Гүлен шығармаларын жан-жақты насихаттау керек», - дейді ол.

Жас Қазақ, 22мамыр 2009 жыл, 20 нөмір

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.