Исламды дұрыс түсінбеушілік

 Біз ислам  жайлы түсінігімізді  қайта  қарап  шыққанымыз жөн. Мұсылман  ретінде «Мына әлемде  өзгелер  алға дамып  жатқанда, біз  неге кері кетудеміз?»  деп өзімізге сауал  тастауымыз  керек. Құран  мен  сүннетті  басшылыққа ала отырып, бұрынғының  даналарын  қадір  тұта  отырып, уақыттың ұрпақтары екенімізді саналы түрде мойындап, біз өткеніміз бен бүгінімізді мұқият саралауға міндеттіміз. Мен күшін жою, партикуляризация (бөлшектеу), жинақтау, шектеу секілді заң ілімінің ұстанымдарын есепке ала отырып, қазіргі түсінікке сай исламды жеткізе алатын, өзгеретін  және  өзгермейтін  ислам  аспектілерінің арасындағы тепе-теңдікті  сақтай білетін  ойшылдар  мен  зерттеушілерді  іздеймін. Ислам  пайда  болғаннан кейінгі алғашқы  бес  ғасырда,  осындай  көптеген  ойшылдар мен  ғалымдар  болды. Соңғы  уақытта  кең көлемде сөз  бен  ой  еркіндігі  байқалып отыр. Осындай  жағдайда ғана  ұлы  ойшылдар  мен  шынайы ғалымдарды  тәрбиелеп  шығуға  болады.

Хулуси Тургут, Туркиялық "Сабах" газеті, наурыз 23-31, 1997.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.