Тәпсір саласында

Тәпсір – өз алдына жеке бір ауқымды сала. Сол теңіздің бір тамшысы болған кешегі Әли, Ибн Аббастар (р.а.), одан ары Мұжаһид және Сейіт ибн Жүбейірлер (р.а.), одан ары Ибн Жәрир, Фаһруддин әр-Рази, Ибн Кәсирлер болса, оларға бертіндегі, яғни қазіргі замандағы тәпсіршілерді де қосыңыз. Бәрі де кемеңгерлер. Пайғамбарымыздың адамзаттың ұлысы болғандығына басқа дәлел болмаған жағдайда, осы кісілердің оның ізін басып, ілім алғандары толықтай айғақ бола алады.

Мәселен, Ибн Жәрир – өз алдына бір таңғажайып жан. Оның аят пен хадис негізінде жазған тәпсірінде көктің жеті қабаттан тұратындығы хақында пікір айтылады. Ғалым әу баста жер мен көктің біртұтас болып, кейіннен бөлінгендігіне назар аударады. Жауын мен желдің жаратылуының негізгі қағидалары тәрізді мың жылдан кейін ғана ұға алатын жаңалықтарды сол кезде білдірген осы тәпсірші, әлбетте, өз алдына дара бір ғұлама. Ғұламаның шығармашылығын зерттегенде оның өмірінің әрбір күнінде он бес беттен еңбек жазғандығы белгілі болған.

Ибн Жәрирден Фахруддин әр-Разиға, жүздеген тәпсірлерді зерттеп том-том кітап жазған Имам Суюти мен бүгінгі заманның тәпсіршілеріне дейін хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) медресесінде тәпсір саласында ілімін жетілдірген көптеген ғұламалар бар. Егер осылардың біреуі ғана Еуропалық нәсілден шығатын болса, онда оны заманның асқан ғұламасы ретінде танытып, жаһанға жар салар еді...

Сонымен қатар біздің ғылымның бірқатар саласында оның теңдесі жоқ Имам Ғазали секілді алыбымыз бар. Ол туралы еуропалықтар аздап та болса шынайы айта білген. Көңіл көзі нұрланған бір сәтінде Гибб те Имам Ғазалиді қолына сиқырлы таяғын ұстаған күйінде адамдарды өзіне баурап алушы таңғажайып рухты адам ретінде бейнелеген. Бұдан басқа да Имам Ғазалиден Имам Раббани мен Бәдиуззаманға дейінгі Аллаһ елшісінің жүздеген ғұлама шәкірттерін атап өтуге болады.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.