3. Жүләйбиб

Жүләйбиб жайында бұрынырақта айтқан болатынбыз. Оның он-он бес жасында әйелдерге көзі көп түскендігі айтылады. Сонда Аллаһ елшісі ғибратты сөздерімен оған тоқтау салып, ол үшін арнайы Хақ тағалаға қол жайып, бата қылады[1].

Осыдан кейін Жуләйбиб Мәдинаның ең арлы, ұятты адамдарының біріне айналады. Бір күні Аллаһ елшісі оны бір үйдің қызына құда түсуге жібереді. Барған үйі текті отбасы болатын. Қыздарын ұзатуға дайын отырған үй еді.

Жүләйбиб есікті қағып, ішке енеді де, Аллаһ елшісінің сәлемін жеткізеді. Үй іші Пайғамбардың сәлемін естіп, қатты қуанады. Бірақ жас жігіт сөзін ары қарай жалғастырып, қыздарына құда түсіп, Хақ елшісінің айтқан сөзін сөзбе-сөз жеткізеді. Екі әлем Сардары: «Менің сәлемімді айт! Қыздарын саған берсін!» – деген болатын.

Қыздың ата-анасы бір-біріне қарап: «Жүләйбиб пе?» – деп ойланып қалады. Бірақ бұйрық Хақ елшісінен келген соң, қалайша екі ойлы болмақ. Олар қыздарын ойлап, екі ойлы болып тұрғанда, перденің артында тұрып сөздерін естіген қызы дауыстап: «Хақ пайғамбардың бұйрығын екі етпей келіп тұрған адамның алдында неге екі ойлы болып тұрсыңдар?» – дейді[2].

Жүләйбиб көп ұзамай үйленеді. Төрт-бес аптадан кейін бір ғазауатқа шығады да, сол шайқаста шейіт болады. Шайқастан соң шейіттер түгенделеді. Бір кезде Пайғамбарымыз: «түгелсіңдер ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Түгелміз», – деп жауап қайырады. Сонда Ол: «Ал, менің жоғым бар», – деп, баласын жоғалтқан жүрегі жаралы әкедей Жүләйбибті іздей бастайды. Аздан соң бір жерден тауып алады. Үсті-басының бәрі қан-жоса, бірнеше жерден жарақат алған, қолында қылышы. Айналасында жеті кәпір өліп жатыр. Аллаһ елшісі: «Жеті кәпір өлтіріп, ғазауатшыл атанып, артынша шейіт болды», – дейді. Іле басын оның тізесіне қойып: «Аллаһым, бұл менен, мен де осыданмын», – деп елжірейді. Міне, Хақ пайғамбардың серіктеріне деген беріктігі![3]





[1] Муснәд, 5/256,257.
[2] Муснәд, 4/422.
[3] Муслим, Фәдәилус-Сахаба, 131.

 


 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.