Сақталу мен қорғау да ақырет дәлелі

Осы әлемде өте тамаша бір сақталу құбылысы бар. Адамның мәні сперма атты жасушада сақталады. Хромосомалар өздерінде мінез-құлықтың барлық сипатын егжей-тегжейлі сақтайды. Егер сіз адамдағы хромосомалардың санын өзгертуге тырыссаңыз, онда оның негізгі мәнін өзгерткен боласыз. Адамның жан дүниесі, мінез-құлқы, ішкі сезімдері осы хромосомалар арқылы белгіленетінін білесіз. Бұлардың саны 46 емес, 44 немесе 48 болса, онда адам басқа бір жанды мақұлыққа айналып кетер еді. Көріп отырғанымыздай, хромосома секілді кіп-кішкентай жаратылыстар адамның қандай болатыны жөнінен хабар беріп, себепкер болып отыр. Демек, Аллаһ Тағала оларға осындай үкімді беру мүмкіншілігін танып, тәртібін солай орнатқан. Біз бұл жерде математикалық белгілі бір тәртіптің түзілгенін анық көреміз.

Адам ешқашан із-түзсіз, ғайыпқа сіңіп кетпейді. Бүгін адам болып туылып, ертеңгі күні жануарға, арғы күні өсімдікке айналмайды. Иә, микроскоптың ғана көмегімен көзге көрінетін кішкентай бір жаратылыста әлемнің негізі болған адам сақталып отыр. Ол дүниеде адам болып өмір сүреді, өледі, қайтадан адам болып тіріліп, адам ретінде есепке тартылады.

Кіп-кішкентай тұқымнан ертең алып шырша ағашы өсіп-өнеді. Көкке өрлей өсетін алып ағаштың негізі жерден екі құлағы қылтиып шығатын сол кішкентай тұқымда сақталады. 

Атомдық  физиканың негізін қалаушылардың бірі Джеймс Жан Хопвуд «Әлемді жаратқан Жаратушы – ең теңдессіз математик» деп айтқанда, әлемнің негізінде жатқан дәл математикалық өлшемдерді меңзеген. Әлемдегі құбылыстың, қозғалыстың,  бағыттың бірде-біреуі математикалық өлшемнен тыс емес. Негізінде бұлардың бәрі бізге Оның Муқаддир (Барлық нәрсенің өлшемін белгілеуші) деген есімін көрсетеді. Бірақ, Джеймс және оның жақтаушылары Жартушының басқа есімдерін Оның Муқаддир есімінің аясында қарайды. Біз әһл-сүннет уәл-жамағат[1]  ретінде бір жағынан мұны қабылдаймыз. Бір шеңберде бір есім үстем болуы, басқа есімдердің бар екенінен де хабар береді. Міне, өлшем, салыстыру, математиканың үстемдігі және көзге әбес көрінетін жағдайдың болмауы жағынан барлық жаратылысқа зер салсақ, Аллаһ Тағаланың Муқаддир есімінің үстемдігін көреміз.

Жоғарыда барлық нәрсенің сақталатынын айтқан едік.

Барлық өсімдіктерді де негізгі болмыстарымен сақтайтын олардың хромосомалары. Иә, адам спермада, ағаш өз тұқымында сақталғаны секілді, барлық дауыстар ғарышта және ғарыштық әртүрлі денелерде сақталады. Бәлкім, болашақта ойлап табылатын құралдармен бұл дауыстарды анықтап, тыңдауға мүмкіндік болар. Бір кассетаға дыбыстардың жазылғаны сияқты біздің де даусымызды айналаны қоршаған барлық  денелер өз ішінде сақтап, келер күні пайдамызға не зиянымызға куәгерлік етеді. 

Бір ғалымның жасаған зерттеу жұмысында мынандай жағдай байқалған. Бір ағаштың түбіне қылмысқа қатысы бар деп күмәнданған бір топ адамды алып келеді. Әлгі қылмысқа қатысы бар деп жазықсыз жала жабылған адамдарды сол жерге алып келгенде ағаштарда ешқандай өзгеріс болмайды. Ал нағыз қылмыскерді алып келуі сол екен ағаштар шайқала бастайды. Осылай қылмыскердің кім екенін анықтайды. Сонда қылмыскердің шығарған энергиясын ағаш бастап-қыда өзінде сақтап қалғандықтан, ол қылмыскерді бірден бойынан шығарған сол энергиясы бойынша танып, куәгерлік етеді. 

Қарапайым әрекеттер мен оқиғалар ғылыми тұрғыдан осылайша анықталғаннан кейін мәселенің адамдарға қатысты жағын қарастыра аламыз. Адамды спермада, ағашты тұқымда және тауықты жұмыртқаның ішінде сақтаған Хафиз – Ұлы Сақтаушы Аллаһ Тағала ғаламның негізгі қона-ғы, жер жүзінің халифасы – адам баласын өлгеннен кейін де назардан тыс қалдырмайды, оны топыраққа егілген бір тұқым секілді басқа бір әлемде соған лайықты ерекше бір өмірді сыйға тартады.


 [1] Әһл-сүннет уәл-жамағат – Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың сүннеті бойынша жүретін шынайы ұсылмандар.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.