• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Zaman
  • Түркияға деген сағынышымды жүрегіме жасырамын

Түркияға деген сағынышымды жүрегіме жасырамын

 Заңдық тұрғыдан Түркияға қайтып оралуыңызға ешқандай кедергі жоқ. Неге Сіз АҚШ-та қалуды жөн көріп отырсыз?

Мен ол жақтағы бейберекетсіздіктен хабардармын. Түркияға қай уақытта келмейін, бұрқыратып жала жапқандар мен өзіме жазалау жөнінде бұйрық шығарғандар, мен келген сәттен-ақ, сол баяғы әрекеттеріне қайта басады. Ал менің қан қысымым екі жүзге дейін көтерілгенде, оны дәрімен де түсіре алмады. Сол себепті мына жасымда бір нәрсені  қайталап ести беріп өмір сүру де ауыр болар деп ойладым. Мен бұл жерде әбден ойланып толғанғаннан кейін қалып отырмын. Өз қалауымды аяққа таптай отырып қалып отырмын. Сағынышымды жүрегіме жасыра отырып қалып отырмын. Бірақ мен жанама түрде өз өлімімді жақындатып алғандаймын. Кейбір адамдар тіптен арсыз. Мүмкін емес нәрсені жазады. Жалған екенін біле тұра жазады. Түрлі топтардың қысымдарына қарамастан, кейбір адамдардың ұсынысы бойынша сотты «тазартқыш алаңына» айналдырып жіберді (Ф.Гүленнің Америкада жүрген кезінде болған сырттай сот не оны кінәлі деп таппады не ақтап та алмады, тек келесі соттың мерзімін тағы бес жылға кейінге қалдырды - ред.) – бұл ұжмақ та емес, тозақ та емес, ортасындағы бірдеме. Бұл олардың ар ождандарының бір дұрыс нәрсе айтқысы келгенін көрсетеді. Бірақ, Түркияда ол кезде әлдекімдердің әрекетімен қолдан жасалған қоғамдық пікір, ашу-ыза бар еді. Соны ескерді. Мен бұл жерде американдық прокурорларға жауап бердім.

Қолымды жүрегіме қойып айтуыма болады, прокурор маған тағылған айыптардың ішінен жүзге жуық сұрақтарды сызып тастады да «Бұл өзі қандай заң? Осының бәрін қалайша кінә ретінде таңуға болады?» деп күліп жіберді.

Сізді американдық ресми адамдар қалай қабылдайды? Қонақ ретінде ме, әлде эмигрант ретінде ме?

    Осы бес жылда мен ешкіммен кездескен жоқпын. 1997  жылы алғаш келгенде, кейбір кісілермен кездескенмін. Олардың арасында бұрын Түркияда көрген кісілерім де болды. Ғалымдар, зерттеу мекемелерінің басшылары болды. Достық қарым қатынаспен кездескен адамдар да болды. Бірақ, бізде оны басқаша түсінер деп, бір де бір американдықпен кездеспедім.

Сіздіңше оны қалай түсінер еді?

 Американдықтар лицейлерге көмек беріп жатыр деген жел сөз таратты (соңғы он шақты жылда әлемнің түрлі елдерінде ашылған түрік лицейлеріне – ред.). Айтпақшы, мен оны жоққа шығармадым. Оны жоққа шығардың не, шығармадың не бәрібір, сол айтқандарын айтады. Түркияда бірнеше ықпалды адамдар бар, олар барлығын да құбыжық етіп көрсеткісі келеді. Оны да солай бағалар деп мен кездесулерден бойымды алып қаштым. Мені жақтап конференция ұйымдастырылды, қатысушылар көп болды. Элизабет Оздалга да болды. Ол да кездесуге ұсыныс тастады, мен келіспедім. Мен бұрын білетін Ясемин Чонгар болды. Оның газеті де кездесуімізге қатты қызығушылық танытты, бірақ мен келіспедім. Аслы Айдынташ та болды. Біреулердің жеккөрінішін қоздырмайын деп онымен де кездеспедім. Бұл жерде де ашу ызаға булығатындар бар.

Сіз туралы, егер оны Америка қолдамағанда, осыншама уақыт ол жақта қала алмас еді деушілер бар.

Мен бұл жерде «дін қызметкері» ретінде саналамын. Менің уақытша тұру туралы құқығым да сол дін қызметкері ретінде тіркелген. Әр жылы оны создыртып отырамын. Сонымен бірге өз кітаптарыма берілетін авторлық қаламақыларымның арқасында өмір сүремін. Бұл жерде мен секілді жағдайда жүздеген адамдар тұрады. Олар мешіттерде, басқа да жерлерде жұмыс істейді. Олар Діни басқарманың жүйесінде болмауы да мүмкін. Ал менің бұл жерде діни тақырыптарға жиі сұхбат жүргізетінім туралы, осы жерде тұру құқығыма байланысты мәселемен келген ФБР (Ұлттық қауіпсіздіктің) қызметкерлеріне де айттым.

Өзіңізді американдықтар  аңдып тұрғандай сезім бола ма?

Ондай жайтты мен жоққа шығармаймын. Жалпы американдықтардың пікірлері мен талап тілектері, өзге әлемге, ислам әлеміне, түріктерге көзқарасы тұрғысынан олардың құқығын жоққа шығара алмайсыз. Олар өздері де бұл жерде кез-келген адам әлдекімдер тарапынан бақылауда тұрады дейді. Бірақ маған келгенде олар ешқандай құрметсіздік көрсетпеді.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.