1996 өмірі

04.01.1996  Толеранттық үшін марапаттау салтанатына қатысуы
1995 жылы толеранттық үшін Стамбулдың Чираганск алаңында Журналистер мен жазушылар Қорының құруымен өткен иегерлерді салтанатты марапаттау кеші өтті. 

04.04.1996  Патриарх Бартоломеоспен кездесу
Бір-бірімен жылы қауышқан Фетхуллаһ Гүлен мен православиелік шіркеуінің патриархы Бартоломеоспен мұсылман және мұсылман емес қоғам жайында сұхбат құрды, сонымен бірге соңғы жылдары қоғамдық толеранттық мәселесіне баса назар аударды. 

18.04.1996  ТУСИАВ Қорының атынан толеранттық үшін марапатталу
Түркия өндірісшілері мен кәсіпкерлер Қорының (ТУСИАВ) «Жыл тұлғасы» деп аталатын алғашқы марапат сыйлықтарын жеке тұлғалар (дәлірек айтсақ, Фетхуллаһ Гүленге) мен Анкаралық мекемелерге «Дедеман» қонақ үйінің салтанатында табысталды. 

01.07.1996  АҚШ-тағы Айдын Мендереспен жолығуы
Фетхуллаһ Гүлен АҚШ-та емделіп жатқан түрік парламентінің депутаты Айдын Мендереспен жолықты. 

19.09.1996  Білім беруге байланысты «Актуель пара» журналына берген сұхбаты 

15.10.1996  Болгар газеті «Еңбекке» сұхбат беруі
Баспасөзде Фетхуллаһ Гүлен Түркия мен Балканға қатысты сөз қозғады.  

03.11.1996  Болгариядан «Варна» телеарнасына берген сұхбаты
Баспасөз бетінде жарияланған мақалалары-нан кейін, Фетхуллаһ Гүленнен арнайы сұхбат алуға Түркияға болгар телеарна өкілдері келді. Қалың оқырман сүйіп оқитын «24 сағат», «Еңбек» газеттерінде «Жүздеген көпірдің кірпішін қалаған оқытушы» деген атпен Фетхуллаһ Гүлен жайында мақтау лебіздер жазылды. Сонымен қатар «Варна» телеарнасынан білім мен мәдениет саласының инициаторы ретінде танылды. 

08.11.1996  «Фатих» университетінің ашылу салтанатына қатысуы
1996 жылы 8 қарашада Түркия президенті Сүлейман Демирелдің қатысуымен «Фатих» (Стамбул қ.) университетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Алпарслан Туркеш, Риза Акчалы, сонымен қатар көптеген саясат пен ғылым, бизнес қайраткерлері қатысты.  

27.01.1997  Журналистер мен жазушылар Қорының кешкі ауызашарына қатысуы
Журналистер мен жазушылар Қорының құрметті төрағасы болып табылатын Фетхуллаһ Гүлен «Хильтон» қонақ үйінің көрме залында берілген ауызашарда әртүрлі саладағы көптеген белгілі адамдардың басын қосты.