Тау-тастардың Пайғамбарымызға куәлік етуі

Жабир (р.а.) айтады:
«Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Мен Меккеде бір тасты білемін. Пайғамбарлыққа дейін де ол маған сәлем беретін. Қазір де мен оны жақсы білемін», – деген еді[1].
Абдуллаһ ибн Мәсуд (р.а.) баяндауда:
«Біз Расулуллаһпен бірге тамақтанған кезде тағамның зікір салатынын еститінбіз»[2].
Мүслім Әбу Һурәйрадан риуаят етеді:
«Расулуллаһпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Талха және Зүбәйір (р.а.) Ұхыд тауының үстінде тұрған еді. Тау қуанғаннан ырғалып, қозғалақтай бастады. Сол кезде Расулуллаһ:
– Тыныштал, Ұхыд, сенің баурайыңда бір пайғамбар, бір сыддық және шейіт тұр[3], – деді».


[1] Мүслім, Фәдәил 2; Дарими, Мұқаддима 4.
[2] Бұхари, Мәнәқиб 25; Тирмизи, Мәнәқиб 6; Ахмәд ибн Ханбал, әл-Мүснәд, 1/460; Дарими, Мұқаддима 5.
[3] Мүслім, Фәдәилус-сахаба 50; Тирмизи, Мәнәқиб 18.