Ұстамдылық

Сіздерді қаншалықты қолпаштап көкке көтерсе де, жердің одан да қауіпсіз екенін ұмытпаңыздар! Ұшақтан құлағанның күлпаршасы шығады, ал жер басып жүрген адам аман-есен болады.

Әрдайым ынсапты болу керек. Сонда ғана салиқалы ой туады. Ал басқа жағдайларда бітуі екіталай жаралар, бүтінделуі аса қиын жарықтар пайда болады. Бұған бір жол беріп алсаңыз, қанша дұрыс әрекет етсеңіз де, ол жараларды емдеп, жарықтарды қайтадан бүтіндей алмайсыз.