Кейбір қара ниеттілер

Нағыз діндар – ең жоғарғы адамдық қасиетке ие болған жан. Ол құлшылық еткенде, көзбояушы-лыққа бармайды, іс-әрекеттерінде адалдығынан жазбайды, жүрегінде дұшпандық, қара ниет пен екіжүзді-лік болмайды. Көз бояушылық, алдау мен арбау секілді жаман әдеттер адамды Хақ Тағаладан әрі Оның жаратқан бүкіл болмысынан алыстатады. Қара ниетті адам жеккөрінішті болады, ал екіжүзді адам қарғысқа қалады.