Жансарайы

Адамның рухына сіңіп, тамыр жайған кез келген ой ерте ме, кеш пе өз жемісін береді. Бұл жеміс Жәннат ағашының «Тубау-жәнна» жемісі не «жәһаннам заққумы»  (ағашы) да болуы мүмкін. Ойында жақсылықтың, іңкәрліктің, кешірімділіктің, мейірімділіктің дәні түйін жарған адамның жүрегі Жәннат бақтарын еске түсіреді. Мұндай адамның ұрлық жасауы, қарақшылық істеуі, зина жасауы адам өлтіруі, арақ ішуі есірткі қолдануы, өзінен басқалардың бәрін төмен санауы мүмкін емес. Мұндай жағымсыз әрекеттер оның бойында бұрыннан қалып қойған сасық пиғылдан туады.

Санасы қиямпұрыс, қулығына құрық бойламайтын арам ойлы пенденің іс-әрекеті оның жылымға тартқан ішкі жансарайының көрінісі болып табылады. Міне,  сол себепті ішкі әлемін ретке келтіріп, хақиқи жолға бет бұрмаған жан өзінің іс-әрекетінде де ешқандай үйлесімділікке қол жеткізе алмайды, жеткізген күннің өзінде оның ғұмыры келте болады.